Өлең, жыр, ақындар

Дарайлым әні

  • 01.04.2020
  • 0
  • 0
  • 613
Екеу-екеу қосылып ән салалық,
Жегіп шана тай көкке қолға алалық.

Қайырмасы:
Айлым бекем
Дарайлым.

Жегіп шана тай көкке алған соң,
Біз сұлуға елдегі көз салалық.

Қайырмасы:
Айлым бекем
Дарайлым.

Атым мінген астымда күрең десем,
Еркем екен өзімнің біреу десем.

Қайырмасы:
Айлым бекем
Дарайлым.

Біздің дауыс шыққанда танырмысың,
Елек бойын жағалап жүрем десең.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әгөй көк

  • 0
  • 0

Ай, жаным, торы жорға, торы жорға, әгәй көк,
Басында торы жорға шәйіден дорба, өтеді жалған, амал жоқ.
Түскенде сен есіме, сенер болсаң, әгәй көк,
Басамын аяғымды әзер зорға, өтеді жалған, амал жоқ.

Толық

Ақбозат (1­нұсқа)

  • 0
  • 0

Сен бе едің ақбозатпен орағытқан,
Мен едім ақ көйлекпен қозы ағытқан.
Есіме сен түскенде, беу, құрбыжан,
Қойныма көзім жасы сорағытқан-ай.

Толық

Қаздауысты Қазыбекті қызы Қамқаның жоқтауы

  • 0
  • 0

Биссимилладан бастайын,
Шариғаттан аспайын.
Ішім толды қайғыға,
Азырақ көзім жастайын.

Толық

Қарап көріңіз