Ақ шолпан
Қиылған қас, қара көз, жазық маңдай, Ақ Шолпан,
Бір өзіңе сұлулық біткен жандай, сүйген сәулем Ақ Шолпан.
Ақ жүзіңді айнадай көрген жігіт, Ақ Шолпан,
Кетпес, сірә, көркіңе бір таң ғалмай, сүйген сәулем Ақ Шолпан.
Ойлы жүрек, жарқын жүз, әсерлі үн Ақ Шолпан,
Сені ойласам басымнан серпілер түн, сүйген сәулем Ақ Шолпан.
Екі тілек армандай бірге шығып, Ақ Шолпан,
Қосылатын бізге де туарма күн, сүйген сәулем Ақ Шолпан.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі