Өлең, жыр, ақындар

Елігай (Илигай)

  • 01.04.2020
  • 0
  • 0
  • 5305
«Кел» деп едің, Елігай, келіп тұрмын,
Отқа түспей өртеніп еріп тұрмын.
Сертте тұрсаң, мен сендік—жаным құрбан,
Сырым осы—сертімді беріп тұрмын.

Айналайын, қарағым, қара қасым,
Қара мақпал жібектей—қара шашың.
Баласындай еліктің Елігім ең,
Сені ойласам, мөлдіреп көзден жасым.

«Елігай» деп атыңды қойдым арнап,
Сен—ақ шабақ болғандай салдым қармақ.
Еркін таудың еркесі—елік болсаң,
Мен де өзіңдей жалғызбын—ерке саңлақ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кигачок

  • 0
  • 0

Домбыра екі ішекті-ай, жұқа қақпақ-ай,
Тар жерде қиын екен өлең таппақ, кигачок.
Қиын екен өлең таппақ, ах-уәй!
Игигай-гөк,

Толық

Есік алды...

  • 0
  • 0

Есік алды күрке еді-ау,
Күркеден атым үркеді.
Алтыннан қымбат атажан,
Тақтаймен бетің бүркелді.

Толық

Туған жер

  • 0
  • 0

Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім,
Тентек ел талқысына тастап кеттім.
Болсам да шұбар жылан іштен шыққан,
Қарғамас деген сенім сақтап кеттім.

Толық

Қарап көріңіз