Өлең, жыр, ақындар

Қоғалы көл (2 нұсқа)

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1111
Ауылдың қонған жері-ау Қоғалы көл,
Қоңыр қой, қозысы өлмес-ау, болады төл.
Дөңіне Қоғалының-ау, шыға келсем,
Алдымнан қоңыр-салқын, ай, соғады жел.

Жігітке жиырма бесте шалқып тасқан,
Жар қайда сұлулығы жаннан асқан.
Болғанда жадыра жаз, жайнаған гүл,
Қыз басқа, жігіт бұлбұл әнге қосқан.

Қайырмасы:
Ай-а, ай-а, ай-ай,
Ай-а, ай-а, ай-а-ай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Екі бірдей сұр жорға

  • 0
  • 0

Ауылым көшіп барады көк қауланға, әй,
Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға, ай-ду-ай!
Екі жастың тілеуін берген күнде, әй,
Қосып-қосып қойсашы көңілі ауғанға, ай-ду-ай.

Толық

Қарғам-ау (3 нұсқа)

  • 0
  • 0

Қарғам-ау, сен қалайсың, а, мен дегенде-ай!
Құриды ынтық зарым, әй, қарғам-ау, сен дегенде, әй!
Әй-а-ла-ла-лай
Уа-ла-ла-ла-лай а-ла-а.

Толық

Қара балық (2 нұсқа)

  • 0
  • 0

Бір балық, су ішінде, қара балық,
Келемін дүние танып сабақ алып.
Азырақ алдыңызда ән салайын,
Қалмасам былтырғымнан биыл танып.

Толық

Қарап көріңіз