Өлең, жыр, ақындар

Аққуым

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1834
Аққуым аспанда емес, жерде менің,
Үніне тоқсан түрлі тербелемін.
Келгенде шын айтуға, сыр айтуға,
Болып жүрген көктен алыс жер дегенім.

Қайырмасы:
Сен жырлайсың гәкку деп,
Мен жырлаймын аққу деп.
Саған ғана құмармын,
Болса дағы аққу көп.

Аққуым аспанда емес, жер бетінде,
Сұлулық тұр тояттап кел бетінде.
Сол болып түн ұйқымды төрт бөледі,
Оятып таңда бұлбұл, желде түнде.

Қайырмасы.

Қайтейін, төзем дағы мен дертіме,
Тимесін аққуымның жер бетіне.
Дауысын жүргімнің естіп бірде,
Әндедіп жүрсе боды жер бетінде!

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көк көйлек

  • 0
  • 0

Көк көйлек көлеңдейді кең болған соң,
Ойнайды екі асыл зат тең болған соң.
Сырымды саған айтпай кімге айтайын,
Көзіме көрінгенім сен болған соң.

Толық

Жайлау

  • 0
  • 0

Бір кезде жігіт болдық бұлғақтаған,
Ат мініп, үкі тағып ырғақтаған.
Жылқының суға айдаған тозаңындай,
Ол дәуір табылмай тұр біздің шақтан.

Толық

Қаракөз (6 нұсқа)

  • 0
  • 0

Қаракөз сөз айтады жылап тұрып,
Көл қылып көздің жасын бұлап тұрып.
Қу кәмшат адыра қалған енді аман бол,
Жібердім жырақ жерге ылақтырып.

Толық

Қарап көріңіз