Өлең, жыр, ақындар

Ақ саусақ, қыпша бел /1-нұсқа/

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2393
Қолыңдағы сақина қалайы ма,
Жаман жүрмес жақсының маңайына.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Сөзіңе сөз орнымен келгеніңде,
Сөйлеместен өзіңе қалайын ба?

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Тобылғының түбінде ін бар ма екен,
Сүйген жардың мойнында мін бар ма екен?

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Сағыныштан мен бүгін әнге салдым,
Ақ сәулені көретін күн бар ма екен?

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Әуел айлап тағы да әуел айлап,
Аттырмайды ақ бөкен одағайлап.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Мына жерде бас қостық осы бүгін,
Бес-алты ауыз өлең айт күліп, ойнап.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бизар

  • 0
  • 0

Сәлем жаздым, құрбыжан, саған арнап,
Шығарайын шерімді, а-ха-ха,ей, бірден талдап.
Шырт ұйқыда жатқанда еске түссең,
Қанша қашсаң ойым бар, а-ха-ха, ей, сені алмақ.

Толық

Әкудай

  • 0
  • 0

Ағаға іні келер амандаса,
Дос емес, дос артынан жамандаса.
Аяғың бір нәрседен шалыс болса,
Немен бір қайласын, шіркін, а-ай, табалмаса.

Толық

Сәдуақасты қызы Зейнелдің жоқтауы

  • 0
  • 0

Дүние жалған келмес-ай,
Алғанды қинап бермес-ай.
Елім деп жүрген әкем-ай,
Өзіңдей ешкім болмас-ай.

Толық

Қарап көріңіз