Өлең, жыр, ақындар

Ақ қурай

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2136
Ей, ақ қурай, қызыл қурай, қурай, қурай,
Құдайым қызды ауылмен сыбай қылғай.
Әкесін ала жаздай ауру қылып,
Шешесін естімейтін саңырау қылғай.

[Қайырмасы]
Домбырам басы бал қурай,
Басына қонған бозторғай,
Қалампыр мен насыбай,
Насыбайым болмаса,
Ауырады басым-ай.

Қар жауса қара жерге қақ тұрмайды,
Жігітке сұлу қыздар таптырмайды.
Сыртынан қызды ауылдың ән шырқасақ,
Тыржыңдап шал мен кемпір жақтырмайды.

[Қайырмасы]
Домбыра басы бал қурай,
Басына қонған бозторғай,
Қалампыр мен насыбай,
Насыбайым болмаса,
Ауырады басым-ай.

Мінгенім дәйім менің ала құнан,
Қыздардың жел соғады балағынан.
Шортандай шабақ қуған шөпілдетіп,
(Сүйер ме еді сол қалқаның тамағынан.)
Шіркіннің сүйер ме еді тамағынан.

[Қайырмасы]
Домбыра басы бал қурай,
Басына қонған бозторғай,
Қалампыр мен насыбай,
Насыбайым болмаса,
Ауырады басым-ай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ләл-лаш-ау

  • 0
  • 0

Мақпалдың шығар бешпент он бір көзі,
Кем көрмен алғанымнан деген өзі.
Леллә, ләллә, Ләллаш-ау.
Ауылың бірге жүрген кетсе басқа,

Толық

Үш жүздің шежіресі

  • 0
  • 1

Қолға алып домбырамды аттанайын,
Көңілде не бар екен ақтарайын.
Жібекке меруертті қолмен тізіп,
Нақыштап сөз өрнегін тақталайын.

Толық

Қызылдың әні

  • 0
  • 0

Әркім ерер жақсыға-ей, үмітпенен,
Жамандарға қарайды ел күдікпен-ай, е, е,ей.
Қызмет етіп, қол созған-ей арманына,
Ел сенімін ақтайды-ай жігіт деген, ай, е,е,ей.

Толық

Қарап көріңіз