Өлең, жыр, ақындар

Келіннің атасын жоқтауы

  • 29.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4960
Аспаннан ұшқан самұрық,
Жұлдыздай кетті-ау ағылып.
Айрылман деген атам-ай,
Айрылып қалдым не қылып?!
Мінгенде атым бурыл тай,
Алтын қазық сурылды-ай.
Атекем сені ойласам,
Амалым менің қурылды-ай.
Айналайын атам-ай!
Ықылас берген батаң-ай.
Осынша сізді қинайтын,
Жоқ еді ғой қатаң-ай.
Атекем сізді силағам,
Шын жүректен қимағам.
Арқан соғып, арық қазғанда,
Шыбын жанды қинаған.
Асқар таудай биігім,
Жаралы болған киігім.
Жазықсыздан мерт болдың,
Түгемес іштен күйігім.
Көлде жүзген ақ балық,
Торға түсті-ау алданып.
Біз жыламай кім жылар,
Артыңда қалдық зарланып.
Дауысым шықты-ау талығып,
Бізді кетті налы қып.
Жүректің шерін ағытам,
Атаекем сізді сағынып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қоқыш

  • 0
  • 0

Ақ көйлек жыртылмайды кең болған соң,
Ойнайды екі құрбы тең болған соң.
Сырымды саған айтпай кімге айтамын,
Көзіме көрінгенім сен болған соң.

Толық

Гүлдер-ай

  • 0
  • 0

Шыға келдім Тайсойған қуысынан-ай,
Бәрекелді, жақсы аға туысыңнан-ай, гүлдер-ай.
Салдыраған дүние сары алтыннан-ай,
Қалар түсіп бір күні уысыңнан-ай, гүлдер-ай.

Толық

Қамажай

  • 0
  • 0

Басында Қамажайдың бір тал үкі,
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі.
Айрылып Қамажайдан отырғанда,
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар