Өлең, жыр, ақындар

Алқаракөк

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1130
Мінген атым астымда Алқаракөк,
Сіз дегенде көңілде бөтен ой жоқ.
Сен есіме түскенде, беу, бұраң бел,
От жанады ішімде түтіні жоқ.

Қайырмасы:
Ұсынғанда қол жетпес,
Шыңдағы өскен шынарсың.
Сіз сықылды-ау құрбыны
Көрмей қайтіп тұрарсың?!

Мінген атым астымда алқара сұр,
Қайыңнан да құрыққа тал жарасар.
Сіз қырмызы болғанда, біз алтын зер,
Қырмызыға алтын зер бек жарасар.

Қайырмасы:
Ұсынғанда қол жетпес,
Шыңдағы өскен шынарсың.
Сіз сықылды-ау құрбыны
Көрмей қайтіп тұрарсың?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ мақта

  • 0
  • 0

Жан едім көп сенімін,серт ақтаған,
Сый алып келіп тұрмын ақ мақтадан.
Менде бір ауылымның жұлдызымын,
Сүйсіне өнеріме ел мақтаған.

Толық

Жылыой (1 ­нұсқа)

  • 0
  • 0

Кең Жылыой—біздің елдің жайлаған жер,
Белдеуге кербесті атты байлаған жер.
Күлімкөз, оймақ ауыз, қиғаш қаспен
Мезгілсіз таң атқанша ойнаған жер.

Толық

Ой көк

  • 0
  • 0

Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген,
Үстінде дүрия көйлек шәймен бүрген.
Сол қыздың сұлулығын мен айтайын,
Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген.

Толық

Қарап көріңіз