Өлең, жыр, ақындар

Бұлқынып-ай

  • 31.03.2020
  • 0
  • 0
  • 630
Ай!
Бұл елде толып жатыр жылқылы бай,
Тұсынан ақ боз үйдің сөйлестім-ай.
Ол үйден шыға келді бір сұлу қыз,
Жамылып жанат ішік құлпырып-ай.

Тағатым қызды көріп тоқтай алмай,
Иығынан ұстай алдым ұмтылып-ай.
Буыным былқ-сылқ етіп жүргенімде,
Қолымнан шығып кетті-ой, қызық-ай,
бұлқынып-ай.

Ай, кімге ар, ғашық болса қолындағы,
Кең жібек сол дүниенің молындағы-ай.
Судағы сұп-сұр үйрек сен, қарағым,
Бекердің мен ақ тұйғын қолындағы-ай.

Сыртыңнан атағыңды көп білемін,
Сөз таныс болып едім бұрындағы-ай.
Ілінсең қармағыма желбезектеп,
Жүре бер мекеніңе зырылдағы-ай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақсұңқар /3-нұсқа/

  • 0
  • 0

Үштөбе, Жартытөбе, Балаторлан,
Балдысу, Қарабұлақ, Шолаққорған,
Хантағы, Қатынқамал, Қытай, Шылбыр,
Ауылым Иқан көшіп, Құрсай қонған.

Толық

Жамал-ай (1­ нұсқа)

  • 0
  • 0

Астымда мінген атым-ау,
Мінген атым-ай, ала құнан,
Жамал-ай,
Тимеді асыл достым-ау,

Толық

Ахау, Айым

  • 0
  • 0

Ей, қалқа, жақындығың жандай еді,
Құрбының өзің теңді маңдайы едің-ай!
«Мырза шоқы жарлығы» тұрар тиіп,
Кетпейді тәтті лебің таңдайымнан,

Толық

Қарап көріңіз