Өлең, жыр, ақындар

Кәмшат бөрік (2 нұсқа)

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3243
Алдымнан қарсы келдің, Қанзада қыз,
Көркіңе Құсни-Жамал таң қаламыз-ай.
Ғалимлер әуләдинән болсаң керек,
Иншалла фахим етіп аңғарамыз-ай.

Қайырмасы:
Ау, о-й, еркем,
Ау, о-й, еркем!
Үкілі кәмшат бөркің-ай,
Туған айдай көркің-ай,
Былқ-сылқ еткен күлкің-ай,
Білсең біл, білмесең қой,
Мені де өлер деймісің.

Қызырды мекеніңнен келдің кезге,
Жоқ еді таныстығым бұрын сізге-ай.
Ғадетпен сыпайшылық көз салмадым,
Сағымдай мұнарлаған жүзіңізге-ай.

Қайырмасы:
Ау, о-й, еркем,
Ау, о-й, еркем!
Үкілі кәмшат бөркің-ай,
Туған айдай көркің-ай,
Былқ-сылқ еткен күлкің-ай,
Білсең біл, білмесең қой,
Мені де өлер деймісің.

Дүниеге түни келдің нағып мұндай,
Жүзіңе ғашық еткен жаббар құдай-ай.
Барады ал дегенде лебің тартып,
О, достым, кетті қарар сабыр қылмай-ай.

Қайырмасы:
Ау, о-й, еркем,
Ау, о-й, еркем!
Үкілі кәмшат бөркің-ай,
Туған айдай көркің-ай,
Былқ-сылқ еткен күлкің-ай,
Білсең біл, білмесең қой,
Мені де өлер деймісің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мәтөк әні (2 нұсқа)

  • 0
  • 0

Қолымда бір қамшым бар-ау күмістеген,
Япырм-ау, сол қамшыны кім істеген.
Аулына сол қалқамның-ай барар едім,
Қолымды босатпай жүр, бай, бай,

Толық

Қобыланды

  • 0
  • 0

Кешегі өткен заманда,
Он екі баулы ноғайда
Қыдырбай деген бай болған
(Ақшахан деген хан болған)

Толық

Күлдарай (Гүлдарай)

  • 0
  • 0

Салғаным оң қолыма алтын жүзік, алтын жүзік,
Аққуым көл дария жүрген жүзіп, Күлдарай.
Қолымнан сен қапыда кеттің ұшып, кеттің ұшып,
Алайда кеткенім жоқ күдер үзіп, Күлдарай.

Толық

Қарап көріңіз