Өлең, жыр, ақындар

Әлди, әлди /1-нұсқа/

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 6705
Әлди, әлди, әл бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.

Әлди, әлди, бөпешім,
Қозы жүнді кепешім.
Жұрт сүймесе сүймесін,
Өзім сүйген бөпешім.

Әлди, әлди, әлди жар,
Аспаннан бұлт, жауды қар.
Әли мінген дүлдүлдің
Саурысында бар-ды қал.
Аспаннан түскен көк қошқар –
Шығыршық мүйіз жануар.

Әлди, әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым.
Жалпыға жаман болса да,
Өзіме жақсы аппағым.

Әлди, әлди, шырағым,
Көлге біткен құрағым,
Жапанға біткен терегім,
Жаман күнде керегім.

Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Қонақ келсе, қой бөпем,
Қой тоқтысын сой, бөпем,
Қуырдағына той, бөпем.

Әлди, әлди, анашым,
Қой терісі шанашым.
Жұрт сүймесе сүймесін,
Өзім сүйген анашым.

Әлди, әлди, апатай,
Көп жылама, қалқатай.
Әлдилесем жыламас
Ақылы көп қалқатай.

Әй, Алдоңғар, Алдоңғар,
Алла болғай бізге жар.
Әли мінген шұбардың
Асығында ағы бар,
Тобығында меңі бар.

Салақұлаш мойны бар,
Аққан дария сеңі бар,
Әркімдердің теңі бар.
Үлкен үйде бақан бар,
Бәйбішеге тоқыл бар,
Сом темірге балға бар,
Сомсынғанға күшті бар.

Айналайын, айымыз,
Алты қарын майымыз,
Жеті қарын жентіміз,
Шаһар Бұқар кентіміз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кідігай (6 нұсқа)

  • 0
  • 0

. . . . . . . . . . . . . . . . . . . кідік айтам-ай,
Таусылған наурыз айда бидәйім-ай, бидәйім-ай.
Кідік-ай, кідік-ай
Қызық-ай, қызық-ай.

Толық

Екі жирен (2 нұсқа)

  • 0
  • 0

Ғыззатлу хат жазамын, қалқам саған,
Самарқау осы күнде көңілім шабан.
Мұғаллақ екі дүние бірінде жоқ,
Дариға құр жастықпен өтті заман.

Толық

Нәзік бел

  • 0
  • 0

Ауылым көшіп барады ылай көлге-ай!
Шағи бешпет жарасар қынай белге, нәзік бел.
Кеткенде жерің шалғай-ей, жан сәулем-ай!
Көздің жасын көл қылып жылай көрме-ай!

Толық

Қарап көріңіз