Өлең, жыр, ақындар

Нұрсұлу (2 нұсқа)

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1218
Білемін жанға жайлы май сұлу,
Жарқ-жұрқ еткен майданда найза ғой сұлу.
Әдемі өскен төбеде-ай көк шатыр,
Көкте жүзген алтын табақ ай сұлу.

Білем анық жанға жайлы май сұлу,
Жарқ-жұрқ еткен май айында жай сұлу.
Қызықты орман, көңілді еркін кең дала,
Күміс табақ көкте ай сұлу.

Кешкі ескен жібек жылы жел сұлу,
Қош иісті түрлі-түрлі гүл сұлу.
Әдемі аспан, төбедегі көк шатыр,
Асқар тауы, дариясымен жер сұлу.

Сылқ-сылқ күліп сылдыр қаққан су сұлу,
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.
Бейне айнадай жарқылдаған айдыннан
Күн шығарда көтерілген бу сұлу.

Шаңқай түсте өткір алтын күн сұлу,
Жымыңдаған жұлдыздармен түн сұлу.
Толып жатыр түрлі сұлу дүние,
Бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алай көк

  • 0
  • 0

Дария, ағып жатқан суда мін жоқ,
Хайуан, өлдім дерге малда тіл жоқ.
Құрбылар тіршілікте ойна да күл,
Бұл дәурен екі айналып келмегі жоқ.

Толық

Угай-угай

  • 0
  • 0

Ай қараңғы аспанда түн емес пе, угай-ай,
Жақсы әйелдер өмірде гүл емес пе, угай-ай.
Қыздар гүл-гүл болғанда, жігіт бұлбұл, угай-ай,
Бұлбұл қонып гүліне түнемес пе, угай-ай.

Толық

Еркетай

  • 0
  • 0

Мен сағынып хат жаздым, еркем саған,
Не болып жүр ондағы, еркем-ау, сенің бағаң.
Екі көзден жас кетпей мен де жүрмін,
Ашпады ғой көзімді, еркем-ау, мынау ағаң!

Толық

Қарап көріңіз