Өлең, жыр, ақындар

Сәулем

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 908
Сәулеме айттым сәлем сен зерек деп,
Өзіңнің топтан орның бір бөлек деп.
Көйлектің ақ атлас жиегін тістеп,
Алдымнан шықсаң, сәулем, көлбелектеп.

Қайырмасы:
Сәулем, сәулем, айтайын,
Қағаз жазып хатпенен.
Айтқан сөзің тіректі
Тең бе жасық затпенен.
Жандырма жүректі,
Етсең қабыл тілекті.

Ай, сәулем, өзіңнен де сөзің керек,
Ақылға жас күніңнен болдың зерек.
Құнанның қара жорға төбеліндей,
Көзіңнен айналайын дөп-дөңгелек.

Қайырмасы:
Сәулем, сәулем, айтайын,
Қағаз жазып хатпенен.
Айтқан сөзің тіректі
Тең бе жасық затпенен.
Жандырма жүректі,
Етсең қабыл тілекті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Боз жорға

  • 0
  • 0

Боз жорға жорғаңа бас, алдыңда ел жоқ,
Ішетін шөлдегенде айдын көл жоқ.
Алыстан ат терлетіп келгенімде,
Ат ұстап, қарсы алатын бұраң бел жоқ.

Толық

Бұлбұл құсым

  • 0
  • 0

Сірен тартыр сілекей шөлдегенде
Көздің жасы көл болар еңірегенде
Күндіз күлкі көрмеймін,түнде- ұйқы,
Ішкен асым батпайды сен дегенде.

Толық

Бұрынғыдай жайың бар ма?

  • 0
  • 0

Бұрынғыдай жайың бар ма?
Мінетұғын тайың бар ма?
Жылағанда дайын тұрған
Қарындағы майың бар ма?

Толық

Қарап көріңіз