Өлең, жыр, ақындар

Орта бойлым

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1193
Айналайын, қарағым, орта бойлым,
Сары майдан айырып торта қойдым.
Жанның бәрі атыңды білмесін деп,
«Күлімкөз» деп әдейі жорта қойдым.

Қайырмасы:
Ой, сәулем!
«Күлімкөз» деп әдейі,
Жорта қойдым,
Орта бойлым.

Қаңбақ ұшар даланың желіменен,
Мұз көшеді өзеннің сеңіменен.
Торғай жолдас тотыға бола алмайды,
Ойнағаны жарасар өз теңімен.

Қайырмасы:
Ой, сәулем!
«Күлімкөз» деп әдейі,
Жорта қойдым,
Орта бойлым.

Мойыныңа жарасқан ақ меруерт,
Ойнамасаң, күлмесең, тарқай ма дерт.
Өзің теңдес ұнатсаң бір құрбыңды,
Алысқан қол, айтқан сөз—сертіңе жет.

Қайырмасы:
Ой, сәулем!
«Күлімкөз» деп әдейі,
Жорта қойдым,
Орта бойлым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қоңыр жай (2 нұсқа)

  • 0
  • 0

Қызды ауылды көрдің бе қиядағы,
Қыздан көңіл қалған жоқ сірә дағы.
Бәрінен де сен сұлу көрінесің,
Баласындай сұңқардың ұядағы.

Толық

Өлім шыққан жерге көңіл айту

  • 0
  • 0

...Қайғының бір қиялы түсті ойға,
Жайылды шымырлатып өне бойға.
Адамзаттың басына іс түспесе,
Адамға сөз келе ме бекер жайға.

Толық

Қоғалы көл (1 нұсқа)

  • 0
  • 0

Ауылың қонған жері-ау қоғалы көл,
Қоңыр қой, қозысы өлсе, болады тел-ай.
Дөңіне-ау Қоғалының шыға келсем,
Алдымнан қоңыр салқын соғады жел-ай-ау.

Толық

Қарап көріңіз