Өлең, жыр, ақындар

Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу

  • 29.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1091
Кеттің бе енді, кеттің бе,
Бұл дүниеден өттің бе?
«Жесірлік» деген сұм тағдыр,
Басымды бүркеп жеттің бе?
Өлсемші, Алла, өлсемші,
Мені жұртым көмсеңші.
Арысым қалып, мен өліп,
Ел-жұртпен бірге жүрсеңші.
Жан үнім шықты-ау сызылып,
Арманым сөнді-ау үзіліп.
Бір ауыз тіл қатсаңшы,
Елің тұр тұтас тізіліп.
Машина мынау қаптаған,
Қара жерді таптаған.
Көшіріп қайда барасың?
Бағланың еді-ау баптаған.
Біз қалдық енді зарланып,
Жүрекке қайғы байланып.
Күңіренсек те ел болып,
Арысым келмес айналып.
Қош бол, енді арысым!
Шырқырып қалды дауысым.
Қиямет-қайым болғанда,
Жаннаттан елің танысын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Башқұлбай

  • 0
  • 0

Қара тайдың үстінде қалғып жүрмін-ай, ай,
Байқасаңыз, ағалар, нағып жүрмін.
Башқұлбай, Башқұлбай,
Башқұлбай, Башқұлбай!

Толық

Жарқ етпе

  • 0
  • 0

Келмейді қайран шашым тарақтауға,
Орадым жібек оқа балақ бауға-ай!
Хабарын жан сәулемнің естіген соң,
Мен бардым күндік жерге қонақтауға-ай!

Толық

Кәрінің әні

  • 0
  • 0

Дүние өтіп жатыр құмай қудай,
Ақ бетке ажар кірмес, ой-ой-ой-ой,
Сүтпен жумай.
Уа, шіркін, дүние-ай,

Толық

Қарап көріңіз