Өлең, жыр, ақындар

Ақ көйлек

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3083
Ақ көйлек жыртылмайды, ей, кең болған соң,
Ойнайды екі жақсы, ей, ақ көйлек көңіл жай,
тең болған соң, айдой-әу.

Бұл жерге келмес едім, ей, келіп тұрмын,
Бұл жерде көңілге алған, ақ көйлек көңіл жай,
сен болған соң, айдой-әу.

Етегін ақ көйлектің, ей, бүрмелеген,
Ошаққа от жаға алмайды, ей, ақ көйлек көңіл жай,
үрмелеген, айдой-әу.

Бір күдік, әсте, ойымнан, ей, кетер емес,
Өзіңді біреу бұзып, ей, ақ көйлек көңіл жай,
жүр ме деген, айдой-әу.

Ақ көйлек, қара бешпент, ей, жарасымды,
Жан қалқа, кей мінезің, ей, ақ көйлек көңіл жай,
бала сынды, айдой-әу.

Көзіме сенен сұлу, ей, көрінбейді,
Үстіне жапсырса да, ей, ақ көйлек көңіл жай,
бар асылды, айдой-әу.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жарамазан

  • 0
  • 0

Пайғамбар айтып өткен жарамазан,
Оразаң қабыл болсын, байекежан!
Мінгені Пайғамбардың есек деген,
Қолында жұдырықтай кесек екен.

Толық

Алла жар

  • 0
  • 0

Өлең басы бісміллә деп айтайық, ай,
Жарасымсыз жаман сөз неге айтайық.
Алла жар.
Бәрімізді жаратқан Жаппар Құдай, ай.

Толық

Заман-ай (2 нұсқа)

  • 0
  • 0

Еріккенде шығам деп тау басына-ай,
Салып алдым сақина сау басыма, заман-ай.
Сені қиып кете алмай, қарағым-ай, заман-ай,
Көпшіліктің қалдым ғой табасына-ау.

Толық

Қарап көріңіз