Өлең, жыр, ақындар

Әбіт Ыразақұлын жоқтау

  • 31.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1282
Дәм бұйырып біз келдік
Қожағұл деген ауылға-ай.
Берекелі ел екен,
Орманы қалың тауында-ай.
Сөртінің ұлы болғандай,
Жасынан шыққан дәрубай.
Атағы жеткен алысқа,
Мұзарттың биік тауындай.
Озып жүрген шын жүйрік,
Бәйгесін алған шабылмай.
Азып келген халыққа,
Сүйеніш болған бауырдай.
Жер-суменен қамдады,
Мініс көлік, сауынды-ай.
Той-жиында халыққа
Мәтел сөзі сарындай.
Келген елге жалғастың,
Қойныңды ашып тарынбай.
Шарапаты жақсының
Қоймады жұртқа танылмай.
Көшіп келген халық ек,
Жер-суды қалдық сағынбай.
Қариясы Өкпебай
Айтылсын бұл да қалынбай.
Бұтабай да қария
Ағайынға жағымды-ай.
Қанапия азамат,
Ағасын дейміз тағындай.
Жақыпбек күнде екпінді,
От қойған шидей жалынды-ай.
Алымбек мырза белгілі,
Ел-жұртына танымды-ай.
Көрінеді Сымағұл
Тонның ішкі бауындай.
.................................
Сөз сарыны дауылдай.
.................................
Көктемгі жауған жауындай.
Еркебайдың байлығы
Саудагардің малындай.
Қосып айтып кетейін,
Ашытқан илеп қамырдай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүйген болсаң, сағынарсың

  • 0
  • 0

Әлі есімде көк елестер,
Көк белестер көзге елестер.
Серуен құрған,егін орған,
Қызу күндер қызық кештер.

Толық

Батырханның баласына айтылған көңіл

  • 0
  • 0

— Жазмыштың ісі күшті,
Ақ сұңқар ұядан ұшты.
Кетті келмес сапарға,
Қайғысы сізге түсті.

Толық

Әгугәй-угәй

  • 0
  • 0

Кегеннің біздің ауыл, ахау, төрінде отыр-ай,
Баяғы өзің көрген, айхой, жерінде отыр, әгугәй-угәй.
Көңілің шыныменен, ахоу, менде болса-ай,
Көзіме сағат сайын, ахоу, көрін де отыр, әгугәй-угәй.

Толық

Қарап көріңіз