Өлең, жыр, ақындар

Еркем менің

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1208
Ел бесігі Ертіс өзен төсінде,
Мамыражай майда қоңыр кешінде,
Қайық қалқып, көңіл шалқып серуенде,
Еркем менің, ерке әнің есімде.

Сағындым ғой сол әніңді сан сырлы,
Сарғайдым да, тағат шіркін таусылды.
Құрбыларың қолдан өзі орнатқан
Магнитқа тыңдасыңшы даусыңды.

Көктемеде жыл құсымен бір келші,
Кешікпеші, көктемеге үлгерші.
Жайраң қағып, сайран салып қаз-қатар,
Жасыл Нұра жағасынан гүл терші.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жайқалды гүл жапырағы

  • 0
  • 0

Жайқалды гүл жапырағы
Жаздың жылы кешінде.
Терең ойлы Мариямның
Сүйген жары есінде.

Толық

Ақшашақ

  • 0
  • 0

Ән салсаң, өзімдей сал, жаным, деймін,
Бұл әнім алты алашқа мәлім деймін.
Кешегі бес жүз қыздың заманында,
Ақшашақ - шырқап салған әнім деймін.

Толық

Ертілеудің өлер алдында айтқаны

  • 0
  • 0

Өсиет мен айтайын, ағаларға,
Өзімнен жасы кіші балаларға.
Шықпассың еш қызметсіз иман жимай,
Жиылып шайтан, жындар қамаларға.

Толық

Қарап көріңіз