Өлең, жыр, ақындар

Пәни жалған (1 нұсқа)

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 867
Қарағым, айналайын, алтыным-ай,
Көргенде ақ дидарың балқыдым-ай.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Жүрмісің есен-аман, жарқыным-ай.

Қайырмасы:
Аха-хау, пәни жалған,
Бұл пәни екі айналып
Келмес арман.

Қарағым, айналайын, келдің қайдан?
Ала үйрек, алма мойын ұшар сайдан.
Ой, қалқа, мекеніңді айтып қойшы,
Адамның жат болмағы осындайдан.

Қайырмасы:
Аха-хау, пәни жалған,
Бұл пәни екі айналып
Келмес арман.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әгөй-гәй

  • 0
  • 0

Ат байладым ақ үйдің кермесіне, әгөй,
Көз салмадым біреудің бермесіне.
Әгөй-гәй, әгөй-гәй.
Оралыңның барында ойна да күл, әгөй,

Толық

Ай-ай, бозым (екінші нұсқа)

  • 0
  • 0

Той дегенде мінемін дөненімді,
Жақсылардан аяман өнерімді.
Топ алдында осындай сынға түсіп,
Бір тексеріп қояйын өлеңімді.

Толық

Япырай, жеңгем-ай

  • 0
  • 0

Ал қызыл боп көрінер-ей қашқан түлкі,
Қайда қалмас жігіттің, япырай, жеңгей-ай,
Жиған мүлкі, айдай-ай.
Қабағыңды түймеші, асыл жеңгем,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар