Өлең, жыр, ақындар

Бес кәмпит

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2020
Дегенде сары беткей, сары беткей,
Жатады сары беттің, дүние-ай, қары кетпей.
Барында оралыңның ойна да күл,
Бетіңнің алақандай, дүние-ай, әрі кетпей.

Бес кәмпит, алты жаңғақ, он бауырсақ,
Сағындым өзіңді аңсап,
Дүние-ай, өзіңді аңсап.

Құрбым-ау, сылдыр үзбе, сылдыр үзбе,
Жайладық жаз Майтөбе, дүние-ай, құмды күзде.
Болғанмен ауыл шалғай, көңіл жақын,
Кетті деп көз көрмеске, дүние-ай, күдер үзбе.

Бес кәмпит, алты жаңғақ, он бауырсақ,
Сағындым өзіңді аңсап,
Дүние-ай, өзіңді аңсап.

Майтөбе – біздің ауыл, шат басында,
Ала арқан алты құлаш, дүние-ай, ат басында.
Көңілің алабұртқан бізде болса,
Жаудырап екі көзің, дүние-ай, жат қасымда.

Бес кәмпит, алты жаңғақ, он бауырсақ,
Сағындым өзіңді аңсап,
Дүние-ай, өзіңді аңсап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кідігай (4 нұсқа)

  • 0
  • 0

Тыңдасаң жақсы күйді—құлақ құрышы,
Қалың төсек, тәтті ұйқы—жанның тынышы.
Жүйрік ат, түзу мылтық, сұлу қатын,
Мал мен перзент жігітке—дәулет құсы.

Толық

Шолпан

  • 0
  • 0

Таң алдында Шолпан туса,
Тартқан сымдай бөлін буса.
Неше түрлі ән шырқайды,
Сол сипатта әнші Мұса.

Толық

Еске алу

  • 0
  • 0

Күн де батып барады-ай қайта келмей,
Уа! Жастың-ай жазы-ай өтеді-ей бір ай демей.
Қосылысқан қиядан сәулем едің,
Кеткенің бе шыныңмен сөзге сенбей.

Толық

Қарап көріңіз