Өлең, жыр, ақындар

Құсайынға айттырған дауыс

  • 29.08.2019
  • 0
  • 0
  • 731
...Үш некелі боп едің
Үш-төртеу көрдің перзенттен,
Ақылыңа серік боп,
Екі балаң ержеткен.
Тура қаза келгенде,
Кім қалады жендеттен.
...Дүниеден ғапыл қап,
Жүгіріп жүрген мен едім.
Кім біледі қайғының
Жоғары менен төменін.
Баласы деп айтады,
Ақсүйек туса, төренің.
Қажеті болса нашардың,
Қазынаңнан төледің.
Отыз екі жасыңда,
Дүниеден өттің зерегім.
Арыстаным, шырағым,
Ағып жатқан бұлағым.
Осыны ойлап қамығып,
Келді-ау, жұртым, жылағым.
Әділетпен сұраған,
Үш бірдей жұрттың сұрағын...
Арманым менің көп болды,
Өзекке түсіп дерт болды.
Таразға тартқан қорғаным,
Қырылып бәрі мерт болды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалған (3-нұсқа)

  • 0
  • 0

Қарағым, айналайын, айнадағы,
Жақындық екеумізге пайда-дағы.
Тәуекел бір кездерде кездесерміз,
Жүре бер уағыдаңды байла-дағы.

Толық

Шолпаным

  • 0
  • 0

Шолпаным, қоштаса алмай мен кетіп ем,
Жүректе жақсы үмітті тербетіп ең.
Бірге ойнап, бала болып жүре бермей,
Дариға-ай, неге бекер ер жетіп ем.

Толық

Жас өтті

  • 0
  • 0

Он бесте тартып міндім аттың жалын-ау,
Сол кезде айтқан сөзім от пен жалын-ай.
Бүркіттей тасқа түскен талап етіп-ай,
Сонымен біраз жүрдім ұзын сарын-ай.

Толық

Қарап көріңіз