Өлең, жыр, ақындар

Екеуің де — ақ сұңқар

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1291
Базар барып, базардан қазан алдым,
Атқы жеңіл болсын деп тазаны алдым.
Сен есіме түскенде, екі қалқам,
Жерге түскен қамшымды азар алдым.

Қайырмасы.
Бірің - қайың, бірің - тал,
Бірің - секер, бірің - бал.
Қайсыбірін мақтайын,
Екеуің де - ақ сұңқар.

Сары белден сарғайып таң келеді,
Жүйрік аттың артынан шаң келеді.
Өлеңді айт дегенде айта бермей,
Осындайда кей жаман паң келеді.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ сия-ай

  • 0
  • 0

Тіл – бұлбұл, көңіл – бақша, ой – тас қорған,
Жігітке қиын екен ғашық болған-ай.
Ой, ақ сия-ай,
Ақ сұңқар,

Толық

Әр жерде айтып

  • 0
  • 0

Әр жерде айтып жүрген бұл өлеңім,
Айнайды қолдан келсе-ай қай өнерім.
Қайырып қанша баптап салсам-дағы,
Көңілге бір жетпейді-ай көк дөненім.

Толық

Құлажекей

  • 0
  • 0

Қайда едің шақырғанда Құлажекей,
Айрылмас домбырадан тіл, көмекей.
Алдымда құрбы-құрдас кез болғанда,
Салайын басып-басып, некей, некей.

Толық

Қарап көріңіз