Өлең, жыр, ақындар

Әгигәу-гигәй

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 924
Басы биік Бұлғын тау мұнарланған-ей,
Өзен ағып баурынан – ей, сылаңдаған.
Әгигәу-гигәй.

Орман іші аң тола өрмелеген-ей,
Бұлбұл сайрап қырынан-ей бұлаңдаған.
Әгигәу-гигәй.

Сәлем де қалқатайға,
Дұғай-дұғай.
Әгигәу-гигәй.

Бұғы, марал, тауешкі, арқар, құлжа-ей.
Өсіп-өніп қоңыр аң жылдан жылға,
Әгигәу-гигәй.

Бұлғын тауы шаттанам көрінгенге-ей,
Әнге қосқым келеді құйқылжыта,
Әгигәу-гигәй.

Дәйім менің мінгенім мұз көк ала-ай,
Сала алмас осы әнге бала, әгигәй.

Сәлем де қалқатайға,
Дұғай-дұғай.
Әгигәу-гигәй.

Сай-саладан құйылған мөлдір бұлақ-ай,
Үн қосады суына құстар шулап.
Әгигәу-гигәй.

Жазғы самал аймалап беттен сүйіп-ай,
Қолын бұлғап тұрғандай кел мұндалап.
Әгигәу-гигәй.

Сәлем де қалқатайға,
Дұғай-дұғай.
Әгигәу-гигәй.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақберген

  • 0
  • 0

Астымда атым мінген торы жорға-ай,
Келемін жорғалатып жанай қырға.
Өзіңе, кетер шақта-ай, келдім салып,
Көңілім амандасып жолығарға-ай.

Толық

Ақтотым

  • 0
  • 0

Дүние ойлап тұрсаң бір кең сарай,
Жан етіп кетті бұрын /Ақтотым/ неше талай.
Жақсылар жаманменен өтіп жатыр,
Бір күні жөнелерміз /Ақтотым/ солай қарай.

Толық

Қисаның әні

  • 0
  • 0

Өленің сен де сусар, мен де сусар,
Үйірі көк аланың көлде жусар.
Алладын тілегенім осы еді,
Тағдырдан айналайын қылған душар.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар