Өлең, жыр, ақындар

Үш бидің жер бөлуі

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4598
Қазақта үш би бопты ел қалаған,
Аузына не айтар деп жұрт қараған.
Әз Төле, Қаз дауысты Қазыбек би,
Әйтеке – үшеуінен сөз тараған.
Үшеуі ақылдасып жер бөледі,
Үлкен деп Ұлы жүзге жол береді.
«Әз Төле, қалау сізге берілді» – деп
Әйтеке, Қазыбек би тең келеді.
Төле би таңдап апты Алатауды,
Ол кезде мекендеген Қаратауды.
Сол заман халық қандай ынтымақты
Қазаққа үш-ақ кісі айтқан қаулы.
Қазыбек Сарыарқаға ие бопты,
Айтқаны елге сондай жүйе бопты.
Жайық пен Маңғыстауды Әйтеке алып,
Халыққа құтты қоныс майдай жақты.
Үш бидің толып жатыр өсиеті,
Үлгі боп елге істеген әділеті.
Болса да талай ғасыр өлгеніне,
Қалған жоқ ел аузынан қасиеті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сақина

  • 0
  • 0

Сақина аузыңдағы қалайы ма,
Деген соң бәрі күміс алайын да.
Өлеңді бір-екі ауыз айта салып,
Сақина аузыңдағы алайын ба?

Толық

Арыған атым

  • 0
  • 0

А-ей! Халәләлә, халәләләләй.
Бұқардың наны тәтті, жолы қатты,
Айдадым жолға салып арық атты.
А-ай, а-а-ей, арық атты.

Толық

Бірге жүрген таныс-ай

  • 0
  • 0

Бос қопаның құрағы-ай,
Жанып тұрған шырағы-ай.
Елден алыс барамыз-ай,
Қай жер мекен тұрағы-ай.

Толық

Қарап көріңіз