Өлең, жыр, ақындар

Әги, қалқаш, Қазиза-ай

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1003
Дәйім менің мінгенім мұз көк ала-ай,
Сала алмас осы әнге бала, әгигәй.

Қыл өтпес арамыздан тату едік-ай,
Арадағы айрылдық сөзге бола, әгигәй.

Әги-әги-әги-гәй,
Әги, қалқаш, Қазиза-ай.

Бір қамшы бар қолымда бұйра сапты-ай,
Сол қамшым бұйра сапты жұртта қапты, әгигәй.

Қыл өтпес арамыздан тату едік-ай,
Қызыл тіл арадағы бұйра сапты, әгигәй.

Әги-әги-әги-гәй,
Әги, қалқаш, Қазиза-ай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ахау, қызғыш

  • 0
  • 0

Ендеше қара батыр, қара батыр,
Туылған көптен жалғыз дара батыр.
Қарашы сипап тұрып кер құласын,
Аяғын, жал-құйрығын тарап жатыр.

Толық

Япырмай, ағажан

  • 0
  • 0

Дәйім менің мінгенім ала құнан-ей,
Ала құнан үркеді, япырмай, ағажан.
Аяғынан, әгөй-га-яй.
Шынты бейілің, шын көңілің менде болса-ей,

Толық

Ахау, әлиләй

  • 0
  • 0

Көктейді тамыр болса жалғыз терек,
Жасыннан суландырған алып қорек-ай.
Ей, ахау, әлиләй,
Ахау, әлиләй-ау.

Толық

Қарап көріңіз