Өлең, жыр, ақындар

Гауһар тас (3-нұсқа)

  • 31.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1916
Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,
Шолпандай таң алдында жалғыз туған.
Жылы су, қолда құман, қарда орамал,
Жібекпен қызыл кәріс белін буған.

Қайырмасы:
Беу, беу, Гауһар тас,
Раушан жүзіңді көргенде.
Сәулем-ау, ау-ай,
Сабырым қалмас, ау.

Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң,
Сылдырлап шашбауың мен алтын сырғаң.
Жай жүріп шаттанасың әсерленіп,
Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған.

Қайырмасы:
Беу, беу, Гауһар тас,
Раушан жүзіңді көргенде.
Сәулем-ау, ау-ай,
Сабырым қалмас, ау.

Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай.

Қайырмасы:
Беу, беу, Гауһар тас,
Раушан жүзіңді көргенде.
Сәулем-ау, ау-ай,
Сабырым қалмас, ау.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есентай

  • 0
  • 0

Қолында қыз баланың атын балдақ,
Дарияға түсе қалдым атым жалдап.
Алыстан асаукермен келгеніңде,
Алдыңнан еркең шықсын бипалаңдап.

Толық

Бизар

  • 0
  • 0

Сәлем жаздым, құрбыжан, саған арнап,
Шығарайын шерімді, а-ха-ха,ей, бірден талдап.
Шырт ұйқыда жатқанда еске түссең,
Қанша қашсаң ойым бар, а-ха-ха, ей, сені алмақ.

Толық

Ақбидай

  • 0
  • 0

Барсаң сәлем айта бар асыл тасқа, Ақбидай,
Мақсатым көңілде жоқ сізден басқа, Ақбидай.
Ғашық жар, сәулем-ай!
Он бесінде осы айдың біз барамыз, Ақбидай,

Толық

Қарап көріңіз