Өлең, жыр, ақындар

Жетіарал (1 нұсқа)

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1438
Жетіаралдай жер қайда қыз балаға,
Дария бешпент жарасар бозбалаға.

Қайырмасы:
Жетіарал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.

Елім-жұртым көз қырын сала ма екен,
Еңіреп кеткен еріксіз бір балаға.

Қайырмасы:
Жетіарал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.

Қыран бүркіт аспанда айналады,
Қиып кисем, тел бойым сайланады.

Қайырмасы:
Жетіарал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.

Еркек болсам, басыма бар ма пәле,
Әйелдікпен аяғым байланады.

Қайырмасы:
Жетіарал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлім шыққан жерге көңіл айту

  • 0
  • 0

Қайрат деген қыран бар,
Қайғыға тізгін бермейтін.
Қайғы деген жылан бар,
Өзекті шағып өртейтін.

Толық

Кел, жігіт, кел, жігіт

  • 0
  • 0

Кел, жігіт, кел, жігіт,
Бұған бата бер, жігіт!
Ауылыңның қонғаны
Жылға-жылға сай болсын.

Толық

Жастарым

  • 0
  • 0

Жастарым бір гауһар тас жайнап тұрған,
Ән салып, бұлбұл құстай сайрап тұрған.
Күн аяз, қарлы боран болса-дағы,
Қан қызып жүзі қайтпай қайнап тұрған.

Толық

Қарап көріңіз