Өлең, жыр, ақындар

Көкем-ай

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1675
Шыңында өскен асқардың сен бір шынар,
Бір өзіңе, қалқатай, болдым құмар.
Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Көрмегелі жүзіңді көп күн болды,
Құмарланған көңілім қашан тынар.
Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Қайырмасы:
Ел қыдырып іздесем,
Табар ма екем, көкем-ай.

Орта бойлы, қара көз шырайлым-ай,
Бір сөйлеспей өзіңмен тынармын ба-ай!
Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Сөйлегенде тіліңнен бал тамады-ай,
Сенен көңіл басқаға бұрармын ба-ай!
Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Қайырмасы:
Ел қыдырып іздесем,
Табар ма екем, көкем-ай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кеңгірбайды жоқтау

  • 0
  • 0

Алты атасы бай өткен,
Алты атанға жүк артқан.
Жеті атасы бай өткен,
Жеті атанға жүк артқан.

Толық

Мәз

  • 0
  • 0

Баста десең, өлеңнің басы менде,
Тал шыбықтай бұралған жасы менде.
Қара бұлттан қайтарып қар жаудырған,
Шұбарала жайшының тасы менде.

Толық

Рахимаш

  • 0
  • 0

Басында қара таудың қарай жаттым,
Беліме қара шашым, дариғау, орай жаттым.
Түскенде сен есіме, қарағым-ай,
Аулыңды өткен кезде, дариғау, сұрай жаттым.

Толық

Қарап көріңіз