Эссе және өлең-жыр байқауы

Жұмбақтар


Бары-жоғын білмейсің,
Онысыз өмip сүрмейсің.

Ауа



Ащы да болса құмарсың,
Асыңа қосып тұрарсың.

Бұрыш



Сүті жоқ сыңар емшек,
Сәбилер құмар емшек.

Емізік



Өзі темір,
Өзi жеңіл.
Есіктерді
Ашар не бip.

Кілт



Тарғыл түсті,
Ерен күшті

Жолбарыс



Сөйлейтұғын тілі жоқ,
Естілетін үні жоқ.
Жандылардың iшінде
Жаралыпты ipi боп.

Кит



Бір ұшақ бар кіші,
Мінбейді еш кici.

Инелік



Бip тетігін басқанда,
Алып шықты аспанға.
Басып тағы байқап ем,
Жерге түстім қайта мен.

Лифт



Бip шайнаймын,
Бip шайнағанды
Мың шайнаймын.

Сағыз



Түнде күлімдейді,
Суда дірілдейді.

Ай



Онда би де, күйің де,
Қызығына қанбайсың.
Отырып-ақ үйіңде,
Дүниені шарлайсың.

Теледидар



Су бетінде үйрек жүр,
Қалт-құлт етіп билеп жүр.

Қайық



Ұзын мойын, екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.

Домбыра



Жиса – таяқ,
Жазсаң – сая.

Қолшатыр



Айдын көлді айнала
Солдаттар тұр сайлана.

Көз бен кipпiк



Қайда жүрсең,
Қосарлана шабады.
Үйге кірсең,
Босағада қалады.

Аяқ киім



Үйіңді қорғайды,
Үйге бipaқ, қонбайды.

Ит



Өзгенің тазалығы үшін
Өзін құрбан етеді.

Сабын



Қант емес –
Тәтті.
Мұз емес –
Қатты.

Науат



Тізбек үйлер көшіп жүр,
Жолын жұрттар тосып жүр.

Жолаушылар пойызы