Өлең, жыр, ақындар


Жасыл желекті,
Жүзін жел өпті.
Көктемнің құшағына құлап
Тұрады қуанғаннан жылап.

Қайың



Сыздардай сымбатты
Көңіліңді бұрады.
Күнмен тілдесіп
Ән салып тұрады.

Қарағай



Бір кезде қыз, келіншек болған мырза,
Өзінің көркемдігіне болып ырза.
Біраздан соң түрін көрсең,
Қалады бөлек-бөлек болып сайда.

Өсімдіктің өсуі мен қурауы



Алыстан қарасаң, қара,
Жақындасаң, бала.
Ұстаған таяқ,
Жесең, тамақ.

Кеурек



Онда барып, ондай болдым,
Мұнда келіп, мұндай болдым,
Белін буған қындай болдым.

Ши



Айт десе, жүгірмес,
Су тисе, сілкінбес.

Шөп



Сәл иіліп, сәнденіп,
Бақшада тұр сары бөрік.
Күзде жинап жаншысаң,
Сорғалайды май болып.

Күнбағыс



Жүзін орап гүлменен,
Күнге қарап телмірер.
Тіспен шағып, тілменен
Дәмін татқан ел білер.

Күнбағыс



Жаз кигені жаңа нәш,
Қыста жап-жалаңаш.

Терек



Шөлде гүлдейді, құлпырады,
Суда өмірі қырқылады.

Сексеуіл



Қыс болса, ұзын бойлы жалғыз тұрған,
Жаз болса, түрлі құстар келіп қонған.
Қысты күні киімсіз, жазда киімді,
Жыбырлап түрлі жәндік соған толған.

Ағаштың жапырағы



Шақырсаң, өздігінен бара алмайды,
Сұрасаң, бірде жауап бере алмайды.
Егер де отқа салсаң, өліп кетер,
Бір жерін кесіп алсаң, қанамайды.

Ағаш



Кіргенде жерге сыңар-ды,
Ұрпағын ертіп ол шығарды.

Картоп



Өзі жерде бұғып жатыр,
Сақалы сыртқа шығып жатыр.

Сәбіз



Әрі қызыл әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.

Алма



Түрі шар сияқты,
Түсі қан сияқты,
Дәмі бал сияқты.

Шие



Жер бетінде селдір шаш,
Жер астында жұмыр бас.

Қызылша



Қышқыл қызыл бытыра
Тығып алып ұртына.
Тымырайып тұрғаны,
Түк шығармай сыртына.

Анар



Ас,
Астың ішінде тас,
Тастың ішінде және ас.

Өрік



Қозыларым көгендеулі күн ұзын,
Су ішкенмен шөп жемейді бір үзім.

Қияр