Өлең, жыр, ақындар


Жалпақ бетті батыр,
Белін буып жатыр.

Сыпырғыш



Жүзімен жарамын,
Шүйдесімен қағамын.

Балта



Жүзімен жарамын,
Шүйдесімен қағамын.

Балта



Бір жансыз табылады адамзаттан,
Іні бар жырақ қана кіріп жатқан.
Арқасы інге кірсе көрінбейді,
Ғажайып іс табылар осы заттан.

Пышақ



Алдын айпар,
Жанын жайпар.

Шалғы



Бас-аяғы теп-тегіс болып біткен,
Селкілдесе денесі дір-дір еткен.
Өзіне қандай жуан кез келсе де,
Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.

Темір ара



Дүниеде бір құжыра көресің бе?
Жалғыз көзі көрінер төбесінде.
Өзіне барған мақлұқ құр қайтпайды,
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.

Құдықтан су алу



Қария күркірейді көбік атып,
Әркім-ақ іздеп барар жүгін артып.
Дарияның ары-бері өткелі жоқ,
Біреуі келген емес тірі қайтып.

Диірмен, бидай



Кішкене өзі, мың көзді.

Оймақ



Жаһанда бір құс көрдім жалғыз аяқ,
Аузына тістегені темір таяқ.
Бір ұрсаң шапалақпен семіреді,
Белбеуі бар белінде жалғыз қабат.

Ұршық



Дүниеде аты мәшһүр болған қымбат,
Ықшамды әдемілік сондай сымбат.
Мақсатың көңілдегі табылады,
Адамзат зор санайды етіп құрмет.

Ақша



Бір атадан туыпты жиырма тоғыз баласы,
Бірлігінде бұлардың, ешкімнің жоқ таласы,
Бірігіп жүріп іс қылар, өзің ойлап қарашы.

Жиырма тоғыз әріп



Қаздар бар жиырма тоғыз бірге туған,
Әлемнің былық басқан бетін жуған.
Қор болмайды, өмірде кем болмайды,
Туа салып анадан соны қуған.

Жиырма тоғыз әріп



Жансызға жиырма тоғыз* болдым таныс,
Тамаша бір жүйрікпен қылдым жарыс.
Жансыз тұрып, жандының себебімен,
Аяғын басады екен шәркем шалыс.

Жиырма тоғыз әріп



Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеңге.

Білім



Судан шығады,
Судан қорқады.

Тұз



Мыжғылаймын – жаны жоқ,
Кескілеймін – қаны жоқ.

Қамыр



Жер баспайтын аяғы,
Апамның ақ таяғы.
Жұдырықтай қамырды,
Жаулықтай ғып жаяды.

Оқтау



Өзі кірден арылмас,
Ізінен кір табылмас.

Сыпырғыш



Өзі жаңа,
Өзі тесік.

Елеуіш