Өлең, жыр, ақындар


Бiреуге найза түйрейдi,
Содан-ақ өзi күйрейдi.

Маса, сона



Буда, буда, буда жүн,
Будаланған шуда жүн.
Сыдырып қойған сұр таспа,
Қоңыр шолақ құнажын.

Тышқан



Жел-жел бием, жел бием,
Желiндесе кiм бiлер?
Жау жапырақ түбiнде
Құлындаса кiм бiлер.

Балық



Сап-сары болған түрі бар,
Шақылдаған үні бар,
Жер астында тынығар.

Саршұнақ



Қырдан қырайман көрдім,
Судан сүлеймен көрдім.
Қайырылып тұрған тас көрдім,
Тұзсыз піскен ас көрдім.

Диірмен, балық, қауын



Көзін жұмады,
Көзін ашады.
Сыбысын білдірмей,
Ақырын басады.

Мысық



Төрт аяқты шалғы
Орып кетер малды.

Қасқыр



Келеді бір перизат итке мінген,
Таяғын итке мініп итпелеген,
Артында ағараңдар ешкісі бар,
Ешкісін итке мініп жетелеген.

Қоян



Бұлаңдаған құйрығы –
Бір алдарлық қулығы.

Түлкі



Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан.

Піл



Топырақ желді мініп, желді айдайды,
Болғанда түске жақын көлге айдайды.
Тамшыны жерден тамған керек қылып,
Топырақ өз-өзінен айқайлайды.

Жер – жылқы, тамшы – қымыз



Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.

Серке



Жамауы бар тігінсіз.
Киімі қалың жамылар.
Жыртығы жоқ, еш мінсіз,
Ала-құла тоны бар.

Ала мал



Даусы азанда,
Жақсылығы қазанда.

Бұзаулы сиырдың мөңірегені



Бiр тұтам, екi тұтам
Басы айыр жүндi тұтам.

Сирақ, бақайшақ



Жездекем бастап барады,
Жез түймесiн тастап барады.

Жылқының тезектері



Айтарын айт дегенде, ая батыр,
Болғанда асты гауһар, үсті шатыр.
Қазандай қара тастың дәл түбінде,
Бір түрлі адам таппас зәһар жатыр.

Малдың өті



Ұзын сабалақ есiк ашты,
Қара домалақ тұра қашты.

Түйенің құмалағы



Дүниеде ағаш бар бек жайлаған,
Жанына адам барса ойбайлаған,
Ағаштың адам білер мінезі бар,
Мінгесіп екі бала той-тойлаған.

Түйе және оның өркеші



Өреді қайраңдап,
Келеді байпаңдап.
Қарғып түсіп өзенге,
Малтиды тайқаңдап.

Қаз