Бірінші буыным – құс аты,
Екінші буыным – бояу түсі.
Біріктіріп оқысаң,
Ұлт аты боп шығамын.
Астанадан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қарағандыдан Астанаға қайтуға 150 минут керек. Неге олай?
Егер тырна 1 аяғымен тұрса, 3 кг болады, ал 2 аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
Дәрігер 3 дәрі беріп мұны жарты сағат сайын ішу керектігін айтады. Осы үш дәріні ішіп бітіруге қанша уақыт кетеді?
Әкесі баласынан сабақтың тапсырмаларын сұрап, әр дұрыс жауап бергені үшін 8 теңге, ал әр қате жауабы үшін 5 теңге кері алуда. 26-шы сұраққа келгенде, ешкімнің берешегі, алашағы қалмай, 0-ге, яғни бастапқы қалпына түседі. Бала қанша сұраққа дұрыс жауап берді?
Ахметтің әкесінің 6 ұлы бар 1) Ержан, 2) Нұржан, 3) Ерлан, 4) Нұрлан, 5) Ербол, 6) ?.. Алтыншы ұлының есімі кім?
Үш кіші ішік піштім,
Бес үлкен ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?
Серікпен қарындасы 25 жаста, әкелері 50 жаста.
Көлемі бірдей болған 8 доптың жетеуінің салмағы бірдей, ал біреуі басқаларынан ауырырақ. Күйентелі таразымен (екі жақта табағы бар таразы) екі рет өлшеп ауыр болған допты таба аласыз ба?
Жаралғанда жабысқан.
Арықтың ең терең жері белге дейін келетін. Ал аяқ тобыққа дейін балшыққа бататын. Қатты жауын жауған соң су деңгейі көтереліп, әлгі ең терең жердің суы мойынға дейін келетін болды. Бірақ аяқтар балшыққа батпайтын болды. Аяқтар неліктен балшыққа батпай қалды?
Темір ұстасына әр қайсысы үш алқадан тұратын бес шынжыр беріледі. Бұларды бір тұтас қылып біріктіруін айтады. Темірші төрт алқаны ашу арқылы бес бөлікті біріктіруді ұйғарады. Қалай ойлайсыздар одан да аз алқаны ашу арқылы бір тұтас қылып біріктіруге бола ма?
Ұлымен серуендеп келе жатқан кісіге көптен көрмеген танысы кезігеді. Әңгіме барысында танысы қанша бала-шағаң бар деп сұрайды. Әлгі кісі мына ұлымның әпкелері мен ағаларының саны бір-біріне тең. Ал ең үлкен қызымның сіңлілерінің саны інілерінің санынан екі есе аз деп жауап береді. Сонда қанша ұл қанша қызы бар?
12 қабатты үйде лифт бар. Үйдің 1 қабатында 2 адам, 2 қабатта 4 адам тұрады. Жоғарылаған сайын адам саны осылай екі есе арта береді. Сұрақ қай қабаттағы лифттің шақырғыш түймешесі ең көп басылады?
Көл бетіндегі өсімдік
Көлдің бетінде кең жапырақ жаятын ғажайып өсімдік пайда болды. Бұл өсімдік күнде екіге бөлінеді де сол екі бөлік бұрынғы қалпынша қайта үлкейе түседі. Осылайша көбейе келе 30 күнде көлдің бетін толық жауып қаптап алды. Егер бастапқыда осындай өсімдіктен 2 дана болғанда көлдің бетін толығымен қанша күнде қаптар еді?
Әке мен бала
Әкесі мен баласының жастарының қосындысы 66. Әке мен баланың жасының сандары бірдей сандардан тұрады, бірақ керісінше, яғни қарама қарсы орналасқан. Сұрақ әке мен баласының жастары қаншада?
Мысық пен тышқан
Тышқан қабырғадағы тесіктен 20 қадам ұзақта. Мысық тышқаннан 5 аттам ұзақтықта. Мысық бір аттағанда тышқан 3 қадам баса алады. Мысықтың бір аттағаны тышқанның 10 қадамымен бірдей. Мысық тышқанды ұстай ала ма?
Зеректік жұмбағы...
1, 10, 3, 9, 5, 8, 7, 7, 9, 6, ?. Мына сандар бір реттілік бойына жазылған. Сұрақ белгінің орнына қандай сан келуі тиіс?
Асан мен Үсен алаңды айнала жүгіріп жаттығу жасауда. Асан бір айналымды 7 минутта, ал Үсен 5 минутта бітіруде. Жүгіруді бірге, бір жерден бастаған болса, қанша минуттан кейін Асан мен Үсен қайта бір қатарға келеді?
Қолымдағы гүлдердің екеуін санамағанда барлығы раушан, тағы екеуінен басқасының барлығы қалампыр, тағы екеуін есептемегенде барлығы лалагүл. Менің қолымда қанша гүл бар?
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі