Өлең, жыр, ақындар


Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Қане, кім тез шешеді?

5



Буыршын мен атан бар,
Тайлағым мен ботам бар.
Үш інгенге иемін:
Санын айтшы түйенің?

7



Алдында үш балапан,
Артында үш балапан.
Ақ тауық пен балапан
Айтшы санын, балақан.

8



Жетпісті қуып жетем десең,
Мөлшерлеудің жөні бұл.
Жетіні қанша еселесең,
Жетесің?
Соны біл!

Он есе



Алпыс ала қарға,
Қырық қара қарға,
Таласты жемге
Жатқан ақ қарда.
Ала қарғалар ала қашады.
Қара қарғалар алдын тосады.
Қайта айналып жерге қонады.
Барлығын қоссаң, қанша болады?

100 қарға



Ала шапан киініп,
Қарбыз жатыр үйіліп.
Қарбыздарды шетінен
Санап шықтым екіден.
Бесеу болды жүп саны,
Нешеу болды түп саны?

Он



Онжан тапқан
Он жаңғақтан
Екіден-ақ
Еппен санап,
Балжан алды,
Әлжан алды,
Қалжан алды,
Қанша қалды?

Төртеу



Миллионда неше нөл бар?

6



Ең үлкен 2 таңбалы сан?

99



1 жылдың неше айында 30 күн бар?

5



4 қойдың неше аяғы бар?

16



Бір-бірімен жарысқан - 4 аю, 1 арыстан, 2 қой мен 1 түлкі.
Бәрі нешеу кім білді?

8



Портфелімде әуелі, 13 жаңғақ бар еді,
Науат пен Сағатқа, Самат пен Маратқа, Апасына Қанаттың,
Екі-екіден тараттым.
Қанша жаңғақ қалғанын, айта қойшы шешімін?

3



11 түйе, 5 жылқы, 2 сиыр, 2 ешкі, 2 қоян, 3 түлкі, таба алмасаң, бол күлкі.
Барлығы қанша болды?

25



Биік терек алда тұр
Басында көп алма тұр
Бұтақ сайын 5 алма
5 бұтақта неше алма
Қане ойлап бағайық
Шешімін тез табайық.

25



2 бала көзін басты
5 бала тұра қашты
Үшеуі сайға тығылды
2-уі ойға тығылды
Қанша бала тығылмақ
Ойнайды екен, жылдам тап?

12



Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек.
1 үйрек тығылды,
1 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?

6



Мұрат мектепке жаяу барады. Жолдың төрттен біріне келгенінде мешіттің жанынан, үште біріне келгенінде балабақшаның жанынан өтеді. Мешіттің жанына келгенде сағат 7.30, ал балабақшаға келгенде 7.35 болады. Әли үйден сағат нешеде шығады және мектепке нешеде барады?

Мешіт пен балабақша арасы, жолдың 1:3 – 1:4 = 1/12-і. Мұрат бұл ара-қашықтықты 5 минутта жүріп өткеніне қарағанда, жолдың толығын 12х5=60 минутта жүреді. Демек үйден 7:15-те шығып, мектепке 8:15-те барады.



Дастархандағы ыдыста бірнеше алма бар еді. Анасы мұның үстіне бірнеше алма қосып 2 есеге көбейтіп қойды. Үйге кірген үлкен баласы 8 алма алып кетті. Алманың азайғанын көрген анасы тағы 2 есеге көбейтіп алма қосып қойды. Даладан келген екінші баласы да 8 алма алып кетеді. Дастархандағы алманың азайғанын көрген анасы тағы 2 есеге көбейтіп қояды. Үшінші баласы келіп, 8 алма алып кетеді. Нәтижеде дастарханда ешқандай алма қалмайды. Ең бастапқыда дастарханда қанша алма бар еді?

Ең бастапқыда “у” алма бар еді делік. [(2y - 8) x 2 - 8] x 2 - 8 = 0 теңдеуін құрып есептегенде у=7 шығады.



Қыр басындағы үйіне 9 минутта барып келетін велосипедтегі адам төбеге көтерілу үшін, төменге түсетін уақытынан бес есе артық уақыт жұмсайды. Бұл адам төбеге қарай қанша минут жол жүреді?

9/6х5=7,5 минут


Пікірлер