Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (56) Ұлағатты сөздер (15)

Ерегісіп тұрған екі адамның төрелігін айтсақ, былай болады. Сол екі адамның қайсысы ақылдырақ болса, даудың басталуының кінәсі соның мойнында.

Ілмектер: адам, ақылды, дау Иоганн Вольфганг фон Гёте

Дау кезінде сіздің сөзіңіз соңғы сөз болсын десеңіз, қарсыласыңызға «сіздікі, шамасы, дұрыс»- деңіз.

Ілмектер: дау, сөз, қарсылас Уинстон Черчилль

Жетімнің қамын ойласаң - жесірдің көңілі жұбанар,
Өнбейтін даудың ізінен - өспейтін жігіт қуалар.

Ілмектер: жетім, дау, жігіт, жесір, пайдасыздық Базар Оңдасұлы

Ақылды - көптің көңілін аулар, күншіл - жоқты даулар.

Ілмектер: ақыл, күншіл, дау, көңіл Саиф Сараи

Хан қарашасыз болмас,
Дау арашасыз болмас.

Ілмектер: хан, дау, араша Майқы би

Даусызға дауды дауасыз айтқан...

Ілмектер: дау Асқар Сүлейменов

Адамдардың заңы: жақсылық құру және ұрыс дау дамайдан аулақ болу.

Ілмектер: нақыл, афоризм, заң, ұрыс, дау, жақсылық Лао-цзы

Су шықпас қазғанменен тау басынан,
Қазақтың дау кетпейді сау басынан.
Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса,
Ер жігіт жаңылады тәубасынан.

Ілмектер: су, тау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қазақ, дау, жолдас, сыр, тәуба Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Жігітті шешенсінген — дауда сына, есерді батырсынған — жауда сына.

Ілмектер: жігіт, шешен, дау, сын, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Өнбейтiн дауды өспейтiн жiгiт қуалар.

Ілмектер: дау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жігіт Базар Оңдасұлы

Сұғанақ болып бiреудiң ақысын жеп, жерiн даулап, елiн жаулап алайық деуден аулақ бола тұрып, сыбағаңнан, өзiне тиесiлi игiлiктен айрылу — бейшаралық.

Ілмектер: ақы, жер, дау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бейшара, сыбаға Шерхан Мұртаза

Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.

Ілмектер: мал, жау, бас, дау, қорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

— Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
— Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:
— Бұдан не түсіндің, балам? — дейді.
Сонда. Төле бала:
— Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой. — Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, — депті.

Ілмектер: ынтымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дау, дау, ел Төле би Әлібекұлы

Дау қуған ел жауығар, қумаған сауығар...

Ілмектер: дау, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов