Ғабит Мүсірепов

Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902 - 31 желтоқсан 1985) – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.
Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңа жол ауылында дүниеге келген.
Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіреді.
Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді.
Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осында өткізген 1923 – 26 жылы Орынбордағы жұмысшы факултетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды дәне Сәкен Сейфуллинмен танысты.
1927 жылы Омбы ауылшаруашылығы интернатын бітірді;
1927 – 28 жылы Бурабай орман шарушылық техникумында оқытушы;
1928 – 32 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы;
1933 жылы - Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі;
1934 жылдан “Қазақ әдебиеті” және “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) (1935) газеттерінде бас редактор;
1936 жылы - Қазақ Өлкелік комитетінде баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
1937 жылдан Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі;
1938 – 55 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан;
1956 – 57 жылы “Ара – Шмель” журналының бас редакторы;
1956 – 61 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы;
1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі;
1964 – 66 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы;
1959 – 85 жылдары КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.


Туындылары Нақыл сөздері

Құрмет құрметті адамға ғана жарасады.

Ілмектер: құрмет, адам, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойына жәрдем ететін нәрсе.

Ілмектер: дене шынықтыру, спорт, оқу, білім, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Оқыс сөз, одыраң мінез – үлгісі жоқ ұлдың, кер кеткен кыздың белгісі.

Ілмектер: сөз, мінез, нақыл, қыз, ұл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Біз XV ғасырда «қазақ» деген ел болып біріккенімізді Ұлытаудың көк тасына қашап басқан ру таңбаларымен куәландырған ел едік. Бірігеміз, бір ел боламыз деп анттасқанымыз да сол, конституциямыз да сол – тасқа басылған таңба!

Ілмектер: Қазақ, ел, Конституция Ғабит Мүсірепов

Менің тірлігім – үмітімде. Үмітім өз қолымда емес.

Ілмектер: үміт, тірлік Ғабит Мүсірепов

Қазір маған аттың орнына космос кемесін бейнеле десе, мен соны жаза алмас едім.

Ілмектер: космос, бейнелеу, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Ескірген еңбекті жұрттан бұрын жазушының өзі сезуге тиіс.

Ілмектер: жазушы, еңбек Ғабит Мүсірепов

Қазақ деген ел — бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық.

Ілмектер: Қазақ, ел, бостандық, азаттық Ғабит Мүсірепов

Біз жарты ғасыр бойында бастық не айтса, соны мақұлдап келеміз. Осының өзі ойлану-ойлау дегенді өсіру орнына өшіре бермес пе екен? Әй, солай ететін болар...

Ілмектер: ойлану Ғабит Мүсірепов

Қазақ елі – өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.

Ілмектер: Қазақ елі, тіршілік, Қазақ Ғабит Мүсірепов

Адам ойының портретін жүзінен көруге болады.

Ілмектер: адам, ой Ғабит Мүсірепов

Ақын заман: бір күндік те емес, бүгіндік те емес. Оның кешегісі – бүгіндік, бүгінгісі – ертеңдік.

Ілмектер: ақын, заман Ғабит Мүсірепов

Кездейсоқтықтың да себебі болады.

Ілмектер: Кездейсоқтық, себеп, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Жазушы еңбегі, түптеп келгенде, санмен емес, сапамен өлшенеді.

Ілмектер: сапа, жазушы, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Шығарма тек қана мазмұн, тек қана түр емес.

Ілмектер: шығарма, мазмұн, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Кейде ақынның балалығына таңғаларсың, кейде ақынның даналығына таңғаларсың.

Ілмектер: ақыл, балалық шақ, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Түсінбей аудару, түсінбейтін етіп аудару деген болады.

Ілмектер: аудару, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Данышпандықты танып, білген де - данышпан.

Ілмектер: данышпан, данышпандық, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Үлкен өнердің - үлкен, таза мінезі болуға керек.

Ілмектер: өнер, мінез, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Есті сөзді естігісі келмеген адам – саңырауға тең.

Ілмектер: естілік, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)