Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (11) Мақал-мәтелдер (79) Ұлағатты сөздер (15)

12 сағат емес, баспен жұмыс істеу керек

Ілмектер: жұмыс, сағат, бас Стив Джобс

12 сағат жұмыс жасауың міндетті емес. Бірақ басың үнемі істеу керек.

Ілмектер: жұмыс, бас Стив Джобс

Адам әуелі бастан қартаяды.

Ілмектер: адам, қартаю, қарттық, бас Шал Құлекеұлы

Балаларыңызды адалдыққа баулу — тәрбиенің басы.

Ілмектер: бала, адалдық, тәрбие, бас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Ең алынуы қиын қамал — адамдардың бас сүйегi.

Ілмектер: қамал, адам, бас, сүйек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Карл Маркс

Ақылды ой ақылды басқа бiр енсе, сүйресең де шықпас, жыртық басқа шынжырмен байласаң да тұрмас.

Ілмектер: ақыл, ой, бас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.

Ілмектер: мал, жау, бас, дау, қорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Бас аман болса бөрік табылады.

Ілмектер: бас, амандық Қорқыт ата

Жамандық алтын басыңды аяққа сүйрейді.

Ілмектер: жамандық, алтын, бас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Қызығы бұл жалғанның — мал менен бас.

Ілмектер: қызық, өмір, жалған, мал, бас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Міржақып Дулатұлы

Ағаш бұтағы жемісі басқан сайын, ақылды бас толған сайын иіледі.

Ілмектер: ағаш, бұтақ, аықл, бас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Азбанның күші шабынуға кетер,
Арғымақ күші шабылуға кетер.
Әкесіне бас иген — ұл атанар,
Атасына бас иген — кісі атанар,
Бабасына бас иген — көсем атанар.

Ілмектер: күш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әке, ата, көсем, бас Сайын Назарбекұлы

Бірдеңе істегісі келген адам жұрт не дер екен деп бас ауыртып жатпайды: ойланбастан басын бəске тігеді.

Ілмектер: жұрт, адам, бәс, бас, ойлану Роберт Вальзер

Сен басыңды қабырғаға соқтың дейік. Ал көрші бөлмедегілерді қайтесің?

Ілмектер: бас, қабырға, көрші, бөлме, адамгершілік Станислав Ежи Лец

Саясатта жүрек болмайды, тек қана бас болады.

Ілмектер: саясат, жүрек, бас Наполеон Бонапарт