Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (70) Өлеңдер (18) Мақал-мәтелдер (39) Ұлағатты сөздер (20) Әзіл, анекдоттар (1)

Ханнан туған қырықтан, халықтың кегін қуатын қарадан туған біреу артық

Ілмектер: халық, хан Махамбет Өтемісұлы

«Қан сасыған хан сарайы» дейді қазақтар. Осыны халық өте ерте түсінген.

Ілмектер: қазақ, хан, қан, халық Қадыр Мырза Әли

Бай болмаған бай болса - жайламаған сай қоймас,
Хан болмаған хан болса - жалмамаған тай қоймас.

Ілмектер: бай, хан Үмбетей Жырау

Хан қасында ақылды би болса - қара жерден кеме жүргізеді.

Ілмектер: ақыл, хан, би Майқы би

Хан - халықтың қазығы.

Ілмектер: хан, халық Майқы би

Хан өздігінен өлім жазасын қолданбасын.
Өлім жазасын шешетін халықтың өзі болсын.

Ілмектер: хан, өлім Майқы би

Хан – халықтың қазығы,
Қараша – ханның азығы.

Ілмектер: хан, халық, азық Майқы би

Хан қарашасыз болмас,
Дау арашасыз болмас.

Ілмектер: хан, дау, араша Майқы би

Таста тамыр жоқ, ханда бауыр жоқ.

Ілмектер: тас, тамыр, бауыр, хан Майқы би

Халық — көл, хан — құс.

Ілмектер: халық, хан, нақыл, афоризм Сырым Датұлы

Ханға ақыл айтамын деп, Бұқар жырау қартайғанда қайыршының күнін кешті. Ақылың болса, ханға ақыл айтпа!

Ілмектер: хан, ақыл, қайыршы, нақыл, афоризм Мырзатай Жолдасбеков

Ханға жауап айтпасам — ханның көңілі қайтады,
Қандыра жауап айтпасам — халқым не деп айтады.

Ілмектер: хан, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жауап Бұқар жырау

Хандар киген қамқа тон – шүберек болар тозған соң,
Жігіт жақсы бола алмас – алғаны жаман болған соң.

Ілмектер: Бұқар жырау, хан, жігіт, жаман, жақсы Бұқар жырау

Хан әділ болса - халық ынтымақты болады.

Ілмектер: әділдік, хан, ынтымақ Майқы би

Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын.

Ілмектер: хан, Қазақ Әлихан Бөкейханов

Хан борышы – жорықта ту көтеру.
Сарбаз борышы – туға еріп жан беру.

Ілмектер: борыш, хан, сарбаз, ту Майқы би

Уәзіріне сырын алдырған хан - қақпанға түскен аң.

Ілмектер: уәзір, хан, қақпан, сыр, аң Майқы би

Ханмен қоңсы отырма, таситын судың бойына қонба, қамалға таяп барма!

Ілмектер: хан, су, нақыл, қамал, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Ханның ақысы болса, қараның хақысы бар.

Ілмектер: хан, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Осы күнге дейін батырлық та, ерлік те, сұлулық та, ақылдылық та хан тұқымында деп келдік... Олар қара қазақтың бойына жараспайтын сияқтанып келді, сол ескі әдетпен кете беретініміз әлі бар...

Ілмектер: батырлық, ерлік, сұлулық, ақыл, хан, тұқым, қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов