Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (13) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (32)

Сын - шын болсын, шын сын болсын.

Ілмектер: сын, шын Мұхтар Әуезов

Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.

Ілмектер: азамат, сын, ерлік, елдік Мұхтар Әуезов

Сын адамды қарық етеді, ал талдау керісінше адамның көзін ашады

Ілмектер: сын, талдау, адам, көз ашу Роберт Кийосаки

Әйел - үйдегі ырысың,
Ұл - айбарлы қылышың.
Қыз - түздегі өрісің,
Келін - кеңейген тынысың.
Олақ - міншіл,
Қызғаныш - күншіл.
Сырғақ - сыншыл,
Бос сөз - былшыл.

Ілмектер: ырыс, әйел, ұл, қыз, келін, қызғаныш, сын Ескелді би Жылгелдіұлы

Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.

Ілмектер: жігіт, сын Мұхтар Әуезов

Ессіз адам көп сөйлейді, бірақ ештеңе тындыра алмайды. Ал есті адам аз сөйлеп, көп нәрсе тындырады. Сол себепті ессіздер әрдайым сынап-мінеп жүреді.

Ілмектер: ес, адам, сөз, сөйлеу, сынау, сын Михаил Литвак

Аттың сыны: ескек желіс, емен бел.

Ілмектер: ат, сын Жанақ Сағындықұлы

Қазақ елі - өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.

Ілмектер: қазақ, ел, мұң, сын, тіршілік Ғабит Мүсірепов

Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.

Ілмектер: сөз, сын, жазушы, сыншы Ахмет Байтұрсынұлы

Жігітті шешенсінген — дауда сына, есерді батырсынған — жауда сына.

Ілмектер: жігіт, шешен, дау, сын, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Баланы жиі сынаса, ол кінәлауды үйренеді.

Ілмектер: бала, сын, сынау, кінәлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәрбие Мария Монтессори

Сыннан қашудың бір ғана жолы бар: ештеңе айтпаңыз, ештеңе істемеңіз, ешкім болып қалыңыз.

Ілмектер: сын, жол, қашу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Аристотель

Сыншылар да басқалар секілді, көз алдындағыны емес, іздегенін көреді.

Ілмектер: сыншы, сын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көз, көру, іздеу Бернард Шоу

Пікірлер теріс болса сұрау және оларға мән беру — өте маңызды. Әдетте, адамдар жағымсыз эмоциядан аулақ болуы үшін мұндайдан қашық, алшақ жүреді. Бірақ менің ойымша, бұл қате. Сынды ескермеген адам өспейді.

Ілмектер: пікір, теріс, сұрау, мән беру, маңызды, адам, эмоция, сын, қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Илон Маск

Ақиқат — тәжiрибе сынынан өте алатын нәрсе.

Ілмектер: Ақиқат, тәжiрибе, сын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Эйнштейн

Азаматта сын болмас,
Арты болса тұяқсыз.

Ілмектер: азамат, сын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абыл Тілеуұлы

Сен айтқан сынды ол да айта алады,
Сен қабылдай алатын сынды, ол қабылдай алмауы мүмкін!

Ілмектер: Сын, афоризм Заманбек Жумабаев

Адамның жан-тәніне түсетін жөнсіз сын мен ауыртпалықтан, арып-ашу мен қажудан мүмкіндігінше аулақ болған жөн.

Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сын Бауыржан Момышұлы

Ана үшін аянба — ант ұрады,
Бала үшін аянба — бетің күйеді.
Ел үшін аянба — жігіттілігіңе сын.

Ілмектер: ана, бала, ант, сын, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Мөлшерден тыс көп берiлген дәрi емдеп жазбайтыны сияқты, әдiлдiк шеңберiнен шығып кеткен мiнеп-сынау да өз мақсатына жетпейдi.

Ілмектер: мөлшер, дәрі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әділдік, мақсат, мін, сын Артур Шопенгауэр