Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (24) Өлеңдер (19) Жоспарлар (3) Мақал-мәтелдер (26) Ұлағатты сөздер (7)

Ескі киімнің биті ащы,
Жетім баланың тілі ащы.

Ілмектер: жетім, бала, ащы, тіл Қорқыт ата

Жетімнің қамын ойласаң - жесірдің көңілі жұбанар,
Өнбейтін даудың ізінен - өспейтін жігіт қуалар.

Ілмектер: жетім, дау, жігіт, жесір, пайдасыздық Базар Оңдасұлы

Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы.

Ілмектер: халық, жетім, дана, азамат, басшы Сырым Датұлы

Ат — жетім: өрен жүйрік шабылмаған, құс — жетім: саятшысы табылмаған, әйел — жетім: өзінің теңін тауып қосылмаған.

Ілмектер: жетім, ат, құс, әйел Шал Құлекеұлы

- Дүниеде не жетім?
- Жаңбыр жаумаған жер жетім, ата қонысынан ауған ел жетім, жарынан айырылған ер жетім..

Ілмектер: жетім, жер, ер, жар, ел, қоныс Жиренше шешен

Әз Жәнібек хан жігіт кезінде өзінің бір топ достарымен серуен құрып келе жатса, алдынан бір аққұбаша бала кездесе кетеді. Жеті-сегіздер шамасындағы әлгі бала жалаң аяқ, үсті-басы жұлым-жұлым екен.

— Бұл елсіз далада неғып жүрген баласың?

— Сүтін ішіп жүрген жалғыз інгенім бар еді, содан айрылып қалып, осы даладан іздеп жүрмін.

— Інгенді тұсап қойсаң етті?

— Тұсап жүруші едім, тұсауы үзіліп кетіпті.

Жәнібек те жастайынан естияр, ақылды екен. Жетім баланың өлген шешесін жұмбақтап айтқанына түсіне қойыпты.

— Е-е, сенің шешең өліп, ана сүтінен айрылған жетім бала екенсің ғой, кел атыма мінгес. Жәнібек жігіт әлгі баланы атына мінгестіріп, үйіне әкепті. Жуып-шайындырып киіндіріпті. Ауыл адамдары оны түсіне қарап "Жиренше бала" деп атап кетіпті.

Болашақ екі дана жас кезінен-ақ осылайша кездесіп, өле-өлгенше бір-біріне ақыл-серік боп кетіпті, — дейді ел аңызы.

Ілмектер: жетім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жиренше шешен

Ел деген жетім қозы емес, еміздікпен асырай алмайсың!

Ілмектер: жетім, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов