Өлең, жыр, ақындар

Саиф Сараи

Саиф Сараи (1321, Сарайшық қаласы — 1396 ж. ш., Мысыр) — қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі. Хан ұрпақтары арасындағы тақ таласы тұсында туған жерінен кетіп, өмірінің соңғы кезеңін мәмлүктер билігіндегі Мысырда өткізді. Саиф Сарайды Ә.Наджип қазақ халқының негізін құраған қыпшақ тайпасынан шыққан деп есептейді. Бізге жеткен елеулі еңбегі — бес мың жолға жуық түркі (қыпшақ) тіліндегі “Гүлстан бит-түрки” (1391) туындысын Сарайшықта бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында аяқтаған. Дастанның негізгі бөлімі Сағдидің “Гүлстан” шығармасының еркін аудармасынан тұрады, сондай-ақ оған өзімен тұстас сегіз шайырдың ғазалдары, ақынның өзі жазған лирикалық өлеңдері, нақыл, ғақлия, толғаулары енген. Саиф Сарайдың бұл поэмасы 14 ғасырдағы қыпшақ әдебиетінде қалыптасқан әдеби дәстүр, озық поэзия үлгісі болған. Саиф қолжазбасы 1915 ж. белгілі болды, оның фотокөшірмесі Анкарада (1954), орыс әліпбиі негізіндегі транскрипциясы Ташкентте (1968) басылды.


Нақыл сөздері

Махаббаттың бұрымы – ақылдың аяғына салынған тұсау,
Сақ құстарға құрылған тұзақ.

Ілмектер: махаббат, нақыл, афоризм Саиф Сараи

Ғашықтар жүрген жерде қайғы да бар.

Ілмектер: махаббат, нақыл, афоризм, қайғы Саиф Сараи

Ажырасар болған соң құшып-сүйгеннен не пайда?

Ілмектер: ажырасу, махаббат, нақыл, афоризм Саиф Сараи

Өзіне рахымы түспеген адам, машақаттан құтыла алмайды.

Ілмектер: рахым, нақыл, афоризм Саиф Сараи

Жасында әдеп үйренбеген кісіден, өскен соң қайран жоқ.

Ілмектер: әдеп, нақыл, афоризм Саиф Сараи

Жарғанат жарықты сүймейді, күншіл ғылымды сүймейді.

Ілмектер: ғылым, күншілдік Саиф Сараи

Күншіл күнде күңіренеді.

Ілмектер: күншіл Саиф Сараи

Қиын күнде қол үшін берген — нағыз дос,
Жайшылықта "доспын" деген жай сөз.

Ілмектер: дос Саиф Сараи

Сау адам біреудің жарасы ауырып отырғанын білмейді.

Ілмектер: денсаулық, дерт, жара, адам Саиф Сараи

Тоқ адамға семіз еттің де дәмі білінбейді.

Ілмектер: тоқтық, ет, дәм Саиф Сараи

Ақымақ күндіз шам жағады.

Ілмектер: ақымақ, шам Саиф Сараи

Нағыз ер болсаң, сол атаққа ие бола біл.

Ілмектер: атақ, ер Саиф Сараи

Ақылды орнымен сөйлер де жауабын күтер.

Ілмектер: ақыл, ақылды, жауап Саиф Сараи

Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ.

Ілмектер: тәрбие, ұстаз Саиф Сараи

Қорынып өмір сүргенше - қу кедей болып өлген артық.

Ілмектер: өмір, кедей, пайдасыздық Саиф Сараи

Қу тамақтың қамы болмаса - құс тұзаққа түспес еді.

Ілмектер: тамақ, еңбек, құс, тұзақ Саиф Сараи

Көңіл берме - көңіл бермес кісіге.

Ілмектер: көңіл Саиф Сараи

Жай жатқан жыланның құйрығын баспа.

Ілмектер: өсиет, тәлім, тәрбие, жылан Саиф Сараи

Түйнектен - ағаш өседі, түйір дәннен - қамба толады.

Ілмектер: дән, қамба, еңбек Саиф Сараи

Кісінің түсіне емес, ісіне қара.

Ілмектер: іс, еңбек Саиф Сараи

Қарап көріңіз