Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (19) Өлеңдер (61) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (189) Ұлағатты сөздер (44)

Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.

Ілмектер: Қазақ, жер Ахмет Байтұрсынұлы

Тіреу нүктесін берсеңдер, жерді де төңкеріп тастаймын.

Ілмектер: Нүкте, жер, төңкеру Архимед

Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры.

Ілмектер: жер, өмір Әлихан Бөкейханов

Ей, тәкәпарлық! Жер шарын көтергісі келген Архимедтің тұтқасы едің...

Ілмектер: тәкәпарлық, жер, Архимед Михаил Лермонтов

Жер бетінде ақымақтарсыз өмір сүру қызықсыз болар еді.

Ілмектер: жер, ақымақ, қызық, өмір Михаил Лермонтов

Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес.

Ілмектер: ел, мақтаныш, жер, алтын Қаныш Сәтбаев

Тәуелсiздiктiң қайта оралғаны – бiздiң ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресiнiң заңды өтеуi. Жаратқан иенiң жасаған әдiлдiгi. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жердi ақ найзаның ұшымен, ақ бiлектiң күшiмен қорғап қалғанының арқасы. Мұндай жер болмаса, мұндай елде болмас едi.

Ілмектер: тәуелсіздік, ел, жер, ата-баба, күрес Нұрсұлтан Назарбаев

Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса - башқұртша көріп мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді.

Ілмектер: қазақ, жер Әлихан Бөкейханов

Ақсүйектің баласын қара ұлына теңгеріп, қоңыраулы найза өңгеріп,
Жесірлерге жер бердім, жетімдерге жем бердім - сол ерліктен не көрдім?!

Ілмектер: ерлік, реніш, өкіну, жесір, жер Махамбет Өтемісұлы

Елін сүйген жауынгер ер болады.

Ілмектер: ел, отан, жер, жауынгер, ер Бауыржан Момышұлы

Көгершін үйренген жеріне қонады.

Ілмектер: көгершін, аң, құс, жер Құтып

Өлім келсе - өкінбей-ақ бара бер,
Зарлағанмен естімейді қара жер.

Ілмектер: өлім, жер, адам Жүсіп Баласағұни

Құстың қонар жерін су білер, Малдың барар жерін ну білер.

Ілмектер: құс, жер, мал Қорқыт ата

Жердің сөлін жер жуар,
Елдің кегін ер қуар.
Дауыл тұрса бұлт қуар,
Жердегі жауды жұрт қуар.

Ілмектер: жер, ел, ер, жау Жамбыл Жабаев

Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай.

Ілмектер: ұлт, тіл, жер, тарих, қазақ тілі Мағжан Жұмабаев

Барлық Азия елдері мен жерлеріне бұл (Қазақ) орда кілт және қақпа. Сол себепті бұл орданы Ресейге бағындыру қажет, сол арқылы барлық Азия елдеріне байланыс жасап, Ресей үшін пайдалы және жағымды шараларды іске асыру керек.

Ілмектер: ел, жер, қазақ, Ресей І Петр

Жер жұмағы – ен дала, ел сұлуы – қыз бала.

Ілмектер: жер, жұмақ, қыз Бернияз Күлеев

Адамға табын, жер, енді!

Ілмектер: адам, жер Олжас Сүлейменов

Жер дауы - тәмам бес миллион қазақ дауы.

Ілмектер: жер дауы, жер, қазақ, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Көшіп-қонып көрмеген - жер қадірін не білсін, көшсе қона білмеген, қонса көше білмеген, ақылыңа көнбеген - жұрт қадірін не білсін?!

Ілмектер: жер, қадір, жұрт, нақыл, афоризм Асан қайғы