Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Міне, сөйтіп, күткеніміз болды: ой туды!

Ілмектер: ой Пьер Тейяр де Шарден

Жақсы ендеше, даралығыңмен, талантыңмен, дүние-мүлікіңмен, абыройыңмен бірге қалдырайын. Маған бүгінгі самал жел де жетіп жатыр. Дем алып дем шығара алғаныма Аллаға шүкір!

Ілмектер: шүкір, Алла Narsha Bulgakbaev

Біреуге жетіп, біреуге жетпей жатқан қызықты бақыт дейміз. Бұл өмір Шын Бақыт емес. Қазақ бұл өмірге қызық деп қана баға берген. Одан артық баға беру дүниеге табынушылық.

Ілмектер: қызық, бақыт, қазақ, өмір, дүние Narsha Bulgakbaev

Аста-төктік шексіз көбею кезінде пайда болады.

Ілмектер: көбею Пьер Тейяр де Шарден

Жер — тегінде кездейсоқ жаратылған болуы керек.

Ілмектер: жер Пьер Тейяр де Шарден

Өмір — жол ма, əлде тұйыққа тірелу ме?!

Ілмектер: өмір, жол Пьер Тейяр де Шарден

Өмір — тіршілік иелеріне қарағанда ақиқаттау.

Ілмектер: өмір, ақиқат Пьер Тейяр де Шарден

Жан Рахаты үшеу — Ішкі тиыштық, тазалық, сұлулық.

Ілмектер: Жан, рахат, рақат, тиыштық, тазалық, сұлулық Нарша Булгакбаев

Жаман қатын бұл қабыну, жақсы қатын бұл айығу

Ілмектер: Жақсы, жаман, қатын Нарша Булгакбаев

Ажал ғана бізді толық танып біле алады.

Ілмектер: ажал Пьер Тейяр де Шарден

Өмір мені бəрінен де өзімнен де ұзақ жасайтын ақиқатқа айналар істерге араласу мүмкіндігімен көбірек қызықтырады.

Ілмектер: өмір, ақиқат Пьер Тейяр де Шарден

Өмір бір ғана тұйық сызық бойымен немесе жеке-жеке жаңқалау əдісімен əрекет жасамайды. Ол бір мезгілде бар жүйесін бірдей алға қарай қозғайды.

Ілмектер: өмір Пьер Тейяр де Шарден

Жаратылыстану ғылымдары біздің маңымыздағы шексіз уақыт пен кеңістік тұңғиықтарын жаңқалап жатыр.

Ілмектер: Жаратылыстану, ғылым, уақыт, кеңістік Пьер Тейяр де Шарден

Егер еңбекке кіріскен кезде «неге?» дей алар болсақ — онда біздің бар күш-жігеріміз, бүкіл эволюцияны баса-жанша, жермен- жексен болады: өйткені, біз де — оның бір көрінісіміз.

Ілмектер: еңбек Пьер Тейяр де Шарден

Еңбек қызғылықты һəм рухты болса — міндетті түрде дүниеге бірдеңе əкелу азабына айналады.

Ілмектер: еңбек Пьер Тейяр де Шарден

Ізденістер мен жетістіктер рухы дегеніміз — эволюцияның мəңгі қалғымайтын жан шырағы.

Ілмектер: ізденіс, жетістік, рух, эволюция Пьер Тейяр де Шарден

Мақсатты дүние əлемінде өмір болса — ол міндетті түрде одан бұрын шексіз өмір алды кеңістік болғандығының дəлелі. Ең қарапайым протоплазманың өзі — аса күрделі құрылымды зат.

Ілмектер: мақсат, әлем, өмір Пьер Тейяр де Шарден

Жалпы, атақты адамдар (жұлдыздар) мен шіріген байлар өздерінің беделінен, жеке қауіпсіздігінен, дүние мүлкінен айырылып қалуына қатты алаңдайды. Атақты және бай адамдардың көпшілігі іштей емес, сырттай бақытты.

Ілмектер: атақ, атақты, адам, жұлдыз, бай, бедел, қауіпсіздік, дүние, мүлік, бақыт, бақытты Narsha Bulgakbaev

Көптеген адамдар уақытты өлтіруді, босқа өткізуді, жаман әдеттерге бой алдыруды, санасын шектеуді, зиянды ақпараттарды алуды пайдалы, тіпті қажет деп санайды, себебі олар Құлдық Санада.

Ілмектер: Адам, уақыт, өлім, жаман, әдет, сана, шектеу, зиянды, пайдалы, қажет, құл, сана, құлдық сана Narsha Bulgakbaev

Маңайымыздағы өмірдің бəрі басқа өмірден жаралады, кез келген еркіндік те – басқа еркіндіктен тұрады.

Ілмектер: өмір, еркіндік Пьер Тейяр де Шарден