Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Сөз, Метифис, Афина қирауы мүмкін — бірақ дүние туралы сана қолдан-қолға өтіп аман қалады жөне оның даңқы тек арта бермек.

Ілмектер: дүние, сана Пьер Тейяр де Шарден

Көбірек көру мен молырақ білуге ұмтылу — көрсеқызарлық та, білуге құндылық та, асқан-тасқандық та емес.

Ілмектер: ұмтылыс Пьер Тейяр де Шарден

Дін мен ғылым — толық таным актісінің өзара тығыз байланысты екі жағы.

Ілмектер: Дін, ғылым Пьер Тейяр де Шарден

Өмірде ғажайыптарды өз қалауыңыз бойынша ғана емес, сонымен қатар «Өз қалауыңыз», «Ортаның қалауы», «Жаратушының қалауы» арасындағы үйлесімділік пен тепе-теңдік арқылы үш тілекті біріктіру арқылы жасауға болады.

Ілмектер: қиял-ғажайып, қалау, орта, Жаратушы, үйлесімділік, тепе теңдік, тілек, бірлік Narsha Bulgakbaev

Ойлау екіге бөлінеді: «дұрыс» (Жаратушының ақиқатына негізделген) және «бұрыс» (басқа сенімге негізделген).

Ілмектер: сенім, ойлау, дұрыс, бұрыс, Жаратушы, Ақиқат Narsha Bulgakbaev

Біз — гүл шоғына жиналған дара гүлдер емеспіз, біз — үлкен бəйтеректің жапырақтары мен бүршіктері тəріздіміз.

Ілмектер: гүл, бәйтерек, жапырақ, бүршік Пьер Тейяр де Шарден

Адам — өзі көп уақыт бойы малданып келгендей, əлемнің тапжылмайтын кіндігі емес, эволюцияның өзегі мен шыңы: бұл алғашқыдан гөрі əлдеқайда ғажап!

Ілмектер: әлем, эволюция, ғажап Пьер Тейяр де Шарден

Адам неғұрлым адам бола түскен сайын — соғұрлым жаңаға қарай шексіз де шүбəсіз қолғалыстан басқа арзан бірдеңе болуға келісе алмайды.

Ілмектер: арзан, адам Пьер Тейяр де Шарден

Сəби алғаш көзін ашқанда бойын қорқыныш билемейді деп кім айта алар?!

Ілмектер: қорқыныш, сәби Пьер Тейяр де Шарден

Біріңді-бірің жақсы көру үшін де бейбіт қатар өмір сүру керек.

Ілмектер: жақсы көру, бейбіт, өмір Пьер Тейяр де Шарден

Адам көбіне-көп мүлдем негізсіз сенімнің өзегіне айналып жүр.

Ілмектер: адам, сенім Пьер Тейяр де Шарден

Өзі келешегі жоқ деп есептеген жаққа адам ешқашан аттап баспайды.

Ілмектер: келешек Пьер Тейяр де Шарден

Өзін зат біткеннің ортасында адасып жалғыз қалғандай сезінген адамның өзі туралы мазасыздануға əбден қақы бар.

Ілмектер: адам, сезім, жалғыздық Пьер Тейяр де Шарден

Адам аса үлкен жəне қол жетпес олжа күйінде қала бермек.

Ілмектер: олжа, адам Пьер Тейяр де Шарден

Адам баласы дүниеге ың-шыңсыз аяқ басқан болатын...

Ілмектер: адам, дүние, аяқ Пьер Тейяр де Шарден

Іс жүзінде адам ондаған ғасыр бойы тек өз бетіне қарап келеді.

Ілмектер: ғасыр, адам, бет Пьер Тейяр де Шарден

Өз желкенін Жердің тынысына тура келтіріп кергендер алысқа айдап, ашық теңізге алып шығар ағысқа ілігеді.

Ілмектер: желкен, теңіз Пьер Тейяр де Шарден

"Бұл… қателікті енді қайталмаңдар" деп әке-шешемнен көп естимін. Себебі кезінде өздері сол қателікті көп жасап қойған-ау, сірә.

Ілмектер: ата-ана, қателік Narsha Bulgakbaev

Еңбек жайбарақаттықты жеңеді.

Ілмектер: еңбек Пьер Тейяр де Шарден

Жер бетіне тұңғыш ой сəулесін түсірген сəттен бастап, өмір өзін де сынай алатын жəне өзі туралы да ойлай алатын ғаламат күшті дүниеге əкелді.

Ілмектер: ой, күш Пьер Тейяр де Шарден