Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Ұлы діндердің қай-қайсы да адамды материядан биікке көтеруді мұрат тұтады.

Ілмектер: дін, материя Пьер Тейяр де Шарден

Бар салада да əлдебір өлшем жеткілікті дəрежеде өсіп-толған кезде, ол өзінің түрін, жағдайын немесе табиғатын тез өзгерте бастайды. Өзінің бастау кезеңінде өмір біздің алдымызда əрі тым ұсақ, əрі сансыз көп сипатта көрініс береді.

Ілмектер: сала, өмір Пьер Тейяр де Шарден

Күнбе-күнгі тірлікте Құдайдың өзіне де бірнеше минут қана қиюға болады.

Ілмектер: минут Пьер Тейяр де Шарден

Сен өзіңнен бақыттырақ адамды көрмейінше бақыттысың.

Ілмектер: бақыт, адам, сен бақыттысың, бақытсыздық, бақытты бол қазағым Нарша Булгакбаев

Бұл өмірде өтірік жоқ, бәрі шындық. Бұл өмірде тек Ақиқат пен Жалғандық бар.
Теріс шындық зиянды, оң шындықтан зиян жоқ. Шын мәнінде адамға тек Ақиқат қана пайда әкеледі, ал жалғандық алдайды.

Ілмектер: Өмір, өтірік, шындық, ақиқат, жалған, теріс, зиян, оң, шын, мән, адам, пайда, алдау Нарша Булгакбаев

Адам үшін басқа адамдармен байланыс жоқ жерде эволюция нəтижесіне орай күтілетін келешектің де болуы мүмкін емес.

Ілмектер: адам, эволюция, келешек Пьер Тейяр де Шарден

Əлдененің жүзеге асырылатындығының ең айқын кепілі — оның біздің өмірімізге өте қажет көрінуі.

Ілмектер: кепіл, өмір Пьер Тейяр де Шарден

Əрқайсымыздың санамызда да эволюция өзін-өзі сезіну арқылы жаңғырады.

Ілмектер: сана, эволюция, сезім Пьер Тейяр де Шарден

Дініміз үшін де біз дүниеауи мақсаттарға құлшына еңбек ете аламыз жəне солай етуге тиістіміз де.

Ілмектер: дін, дүние, еңбек Пьер Тейяр де Шарден

Қасіреттің бойында бейбітшіліктің бағасын көтерер ғаламат күш бар.

Ілмектер: қасірет, бейбітшілік, күш Пьер Тейяр де Шарден

Жасампаздың біткеннің бəрі де тиісті қиратудың құнына сəйкес жасалады.

Ілмектер: жасампаз, құн Пьер Тейяр де Шарден

Бар дəуірлерде де адам өзін «тарихи бетбұрыста» тұрмын деп ойлаған.

Ілмектер: дәуір, тарих, адам Пьер Тейяр де Шарден

Заттың бəрінде де сыртына қоса онымен қатар өмір сүріп жатқан іші де бар.

Ілмектер: зат, өмір Пьер Тейяр де Шарден

Сіз дұрыс таңдау жасау үшін, бар жақсылық Бейсаналықтан басталады, ал сіздің санаңыз Жалпы Ақылдың (Жаратушының) даналығына ашық болуы керек.

Ілмектер: дұрыс, таңдау, жақсылық, Бейсана, сана, ақыл, Жаратушы, даналық Narsha Bulgakbaev Debut

Алтынның не екенін сұрасаң, оңай жауап беремін. «Денсаулық», «Уақыт», «Мүмкіндік», «Қабілет», «Таңдау және шешім қабылдау еркі», «Ақыл мен жүрек» және т.б.

Ілмектер: Алтын, денсаулық, уақыт, мүмкіндік, қабілет, таңдау, шешім, ақыл, жүрек Narsha Bulgakbaev Debut

Мистикалық өмірге деген ұмтылысы кезінде адамдар көп қателеседі: олар жақсылық пен жамандықты, жан мен денені, рух пен тəнді бір-біріне қарсы қояды.

Ілмектер: мистика, өмір, қателік, жақсылық, жамандық, дене, рух, тән Пьер Тейяр де Шарден

Бəрінің дəмін татып көру үшін бəрін толтыру керек. Бəрін табу үшін бəрін байқап көрген жөн.

Ілмектер: дәм Пьер Тейяр де Шарден

Қаласа да, қаламаса да, адам өзіне жиі қайта оралып, бүкіл көріп-білгенінің бəрінен өзін іздеп əуре болады да жүреді.

Ілмектер: адам, әуре Пьер Тейяр де Шарден

Алғашында өмір, тегі, өзін-өзі қорғау мақсатында ғана көбейе бастаса керек. Бірақ бұл оның басқыншылық жорығының басы болып шықты.

Ілмектер: өмір, басқыншылық, жорық Пьер Тейяр де Шарден

Дүниеде бір ғана анық нəрсе бар: ол — өсіп-өнуге деген құштарлық!

Ілмектер: дүние, құштарлық Пьер Тейяр де Шарден