Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Кез-келген қаланың ішінде тағы бір қала болады.

Ілмектер: қала Жиль Делез

Мағынасы бар нəрсенің бəрінің мəні де болады, бірақ соңғысы алғашқысымен салыстырғанда мүлдем басқа негізде айқындалады.

Ілмектер: мағына Жиль Делез

Расизм — дін де сенім де емес, бұл ақыл-ойдың мүгедектігі.

Ілмектер: Расизм, дін, сенім, ақыл, ой Дэвид Айк

Әрбір жаңа күн таза ақ парақтан басталады. Миыңызды жағымсыз иісті қоқыстан тазартыңыз. Жүректі жаралайтын сана паразиттерін жойыңыз.

Ілмектер: Ми, жаңа күн, таза, ақ, парақ, жағымсыз, иіс, қоқыс, тазарту, жүрек, тазалау, сана, паразит, жою Narsha Bulgakbaev

Ғылым да, поэзия да білімге жатады.

Ілмектер: Ғылым, поэзия Жиль Делез

Қартайып туатын құндылықтар бар.

Ілмектер: туынды Жиль Делез

Дүниеде ойлануға мəжбүр ететін бірдеңе бар.

Ілмектер: дүние, ой Жиль Делез

Кімнің сөйлеп тұрғаны тілдің қандай мүмкіндіктері бар дегеннен кем маңызды мəселе емес.

Ілмектер: тіл Жиль Делез

Тәжірибенің мақсаты — қанағаттану.

Ілмектер: Тәжірибе, мақсат, қанағаттану Жиль Делез

Универсум ұясы — универсумның өзі.

Ілмектер: Универсум, ұя Пьер Тейяр де Шарден

Эволюция –— сананың артуы. Сананың артуы дегеніміз — бірлесу үшін əрекет жасау.

Ілмектер: Эволюция, сана Пьер Тейяр де Шарден

«Ойлау үшін — тамақ ішу керек» — ешқайда қашып құтыла алмайсың! Бірақ есесіне сол бір тілім нан қанша сан түрлі ойды дүниеге əкеле алады десеңізші.

Ілмектер: тамақ, ой Пьер Тейяр де Шарден

Арман – бос қиял, мақсат – бос ерік-жігер, ең жақсысы – бүгін күнің кешегі күнмен салыстырғанда одан әрі дамуың. Кейін өзгені кінәламау үшін (тағдырды, Алланы, өмірді), арман-мақсаттар адам сенерлік, өмірде жүзеге асыра алатындай болуы керек.

Ілмектер: Арман, мақсат, қиял, ерік, жігер, жақсы, бүгін, кеше, даму, Кінәлау, тағдыр, Алла, өмір, сенім Narsha Bulgakbaev

Адам — өмірдің ортақ күш-жігерінің арқасында дүниеге тура жолмен келді.

Ілмектер: адам, өмір, күш, жігер, жол Пьер Тейяр де Шарден

Тек өзімен-өзі ғана күш біріктіру жолымен — адам адамнан аса алмайды.

Ілмектер: күш, адам Пьер Тейяр де Шарден

Таза позитивистік тұрғыдан алғанда, адам — ғылымның ең құпия жəне зерттеушілерді сан соқтырып адастырушы объектісі. Түкке тұрмайтын морфологиялық секіріс əрі өмірдің бар саласындағы ғаламат өзгерістер — адамның бүкіл қарама-қайшылығының астары осында жатыр!

Ілмектер: адам, ғылым, құпия Пьер Тейяр де Шарден

Ешқашан да Жаратқанға лайық боларлықтай дүние де — соншалықты кең, адамзат та — соншалықты құдіретті бола алмайды.

Ілмектер: құдірет, дүние Пьер Тейяр де Шарден

Шебер де тәжірибелі адам ғана өзінің ішкі қорқынышын сақтыққа айналдыра алады. Әрқашан болашақ қиындықтарға анық және нақты дайын болыңыз. Мұқият, баяу ойланып, кез келген нәрсеге дайын болуды үйреніңіз, өйткені сіздің әрекеттеріңізге өзіңізден басқа ешкім жауапты емес.

Ілмектер: шебер, тәжірибе, адам, қорқыныш, сақтық, болашақ, қиындық, әрекет, жауапкершілік Narsha Bulgakbaev

Үмітсіздік жоқ, надандық бар. Бұл өмірде шешілмейтін мәселе жоқ, тек күресуді, шыдауды білмей, проблемалардан шығудың жолын іздемейтін адамдар бар. Қабірден басқа шығатын жол бар. Бірақ сіз «Жоқ, менің жағдайым ешкімде жоқ, ерекше», «Құдай сақтасын, айтуға оңай, сендердің бастарыңа бермесін» деп ақталасыз.

Ілмектер: Үміт, үмітсіздік, надандық, өмір, мәселе, күресу, шыдау, проблема, жол, адам, қабір, жағдай, ерекше, Құдай, оңай Narsha Bulgakbaev

Қиналып жүрген адамдар — суырылып алға шыққандығы үшін жəне жалпыға бірдей ортақ жеңістер үшін құн төлеушілер. Оларды ұрыс даласында мерт болғандарға теңеуге болады.

Ілмектер: жеңіс Пьер Тейяр де Шарден