Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Біздің əрқайсымыздың бойымызда бүкіл əлемдік тарихтың материалдық ұшқындары жүр.

Ілмектер: әлем, тарих Пьер Тейяр де Шарден

Көру немесе өлу — екінің бірі! Көру дегенге бүкіл өмірдің бəрі сиып кетеді: толық болмаса да, негізінен.

Ілмектер: көру, өлім, өмір Пьер Тейяр де Шарден

Шыңның биіктігін — түбіндегі шыңыраудың тереңдігімен өлшеу керек.

Ілмектер: шың, тереңдік, биіктік Пьер Тейяр де Шарден

Сезім əлемі бізді өзінің сан алуан жауһарларының салмағының астында тұншықтырып барады.

Ілмектер: сезім Пьер Тейяр де Шарден

Бір жақтың ұтысы — екінші жақтың ұтылысы.

Ілмектер: ұтыс, ұтылыс Пьер Тейяр де Шарден

Материя асқақ мүмкіндіктерге толы.

Ілмектер: материя, мүмкіндік Пьер Тейяр де Шарден

Кез-келген заттың өз ішкі əлемі, «құпия қазынасы» болады.

Ілмектер: құпия, қазына Пьер Тейяр де Шарден

Шыңырау шың болмайды.

Ілмектер: Шыңырау, шың Пьер Тейяр де Шарден

Сену деген — рухани синтез жасап шығару деген сөз.

Ілмектер: сенім, рух Пьер Тейяр де Шарден

Дүниені сенім нұрландырады, ал адалдық соған жақындастыра түседі.

Ілмектер: дүние, сенім, адалдық Пьер Тейяр де Шарден

Өз көзқарасына құл болған адамның ғана жаны жай табады.

Ілмектер: көзқарас, құл Пьер Тейяр де Шарден

Эротизм дегеніміз — өлімнің өзі жеңе алмайтын өміршеңдік.

Ілмектер: өлім Жорж Батай

Экстаздың өзі — мүлдем бос əурешілік.

Ілмектер: Экстаз, әурешілік Жорж Батай

Мүмкіндіктің бар екенін біле тұра, оны қу тірліктің кез-келген бұршақ ботқасына айырбастап жіберу деген — кешірілмейтін күнə!

Ілмектер: мүмкіндік, күнә Жорж Батай

Бір қолдың бергенін — екінші қол алады.

Ілмектер: қол, беру Жорж Батай

Мазақ етуші мазақталушыдан да гөрі мазақ болады. Құрбандық шалу үшін — құрбандық қана емес құрбандыққа мойын ұсынушы да керек.

Ілмектер: мазақ, құрбандық Жорж Батай

Адам — тұрақсыз əрі бірімен-бірі терең өріліп жататын қосылыстардың бір бөлшегі.

Ілмектер: адам Жорж Батай

Екі өлім бар — жанның өлімі (зинақорлық), тәннің өлімі (пайдақорлық).

Ілмектер: өлім, жан, өлім, зина, зинақор, зинақорлық, тән, пайда, қорлық Нарша Булгакбаев

Рух деп тәнінен айырылып қалған нәпсіні айтады.

Ілмектер: Рух, тән, нәпсі, жан Нарша Булгакбаев

Адам — сараң, сараң болуға мəжбүр, бірақ соған қарамастан ол өзіне қажеттілік ретінде топ ете түсер сол сараңдықты жек көреді.

Ілмектер: адам, сараң Жорж Батай