Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (13)

Өнер мен мәдениеттің дәмін көріп, рахатын сезіне алған адамға бұдан артық байлық керек емес.

Ілмектер: өнер, мәдениет, рахат, нақыл, афоризм Антон Чехов

Кітапты оқуды жақсы көру дегеніміз — тіршілікте болмай тұрмайтын жабырқау сағаттарды таптырмайтын рахатқа бөлеу деген сөз.

Ілмектер: кітап, оқу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жабырқау, сағат, рахат Шарль Луи Монтескье

Менде демалыс және жұмыс күні болған жоқ. Өйткені мен жұмыс істеп жүріп рахаттандым.

Ілмектер: демалыс, жұмыс күні, рахат, рахаттану Томас Эдисон

Адамдардың бiрi игiлiктi — билiктен, екiншiлерi — бiлiмге құмарлықтан, ғылымнан, үшiншiлерi — рахаттан iздейдi.

Ілмектер: Блез Паскаль, игілік, билік, білім, құмарлық, рахат, ғылым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Блез Паскаль

...адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді... Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады.

Ілмектер: адам, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, білгірлік, шеберлік, шебер, мақсат, рахмет, рахат Әл – Фараби

Парасаттылар өз өмірінен лаззат алады, бос уақытын дұрыс игереді. Ақымақтар бос қалуға төзбейді. Бос уақыт оларды зеріктіреді. Сондықтан олар пайдасыз ойынмен көңіл аулап, уақыттық рахатқа салынады.

Ілмектер: парасат, өмір, уақыт, ақымақ, зерігу, пайдасыз, ойын, рахат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Ол аспан парағында жазулы тұр. Ол әр жұлдыздан сығалап қарайды. Ол — біздің жан дүниемізді рахатқа бөлейтін Табиғат поэзиясы.

Ілмектер: табиғат, аспан, парақ, жұлдыз, рахат, поэзия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Менің қандай нәрседен рахаттанатынымды білесіз бе? Жұмсаған күш-жігерімнің пайда алып келгенін көру.

Ілмектер: рахат, күш-жігер, Жұмсау, пайда Джон Дэвисон Рокфеллер

Құйқылжыған өмір шіркін ойлап тұрсаң, рахаттың да, азаптың да базары ғой.

Ілмектер: өмір, рахат, азап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Қанағат қуанышыңды көбейтіп қана қоймайды, алар рахатыңды да мол етеді.

Ілмектер: қанағат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қуаныш, рахат Демокрит

Қараған сайын жүзі бал-бұл жана түсетін бойжеткен алдында жан рахатын кешуден асқан өміршеңдік жоқ.

Ілмектер: бойжеткен, рахат, өмір, өміршеңдік Роберт Вальзер

Тек жұмыс қана, сайып келгенде шын өмір дегеннің өзі де сол ғой, — рахат, жан қуанышы, болмыс лəззаты.

Ілмектер: өмір, рахат, қуаныш, ләззат Роберт Вальзер

Жан Рахаты үшеу — Ішкі тиыштық, тазалық, сұлулық.

Ілмектер: Жан, рахат, рақат, тиыштық, тазалық, сұлулық Нарша Булгакбаев