Өлең, жыр, ақындар


Жыл мезгiлi шуақты,
Жердiң бетi нұрланған.
Сайды қуып су ақты,
Гүлдер өстi ырғалған.

Көктем



Алып кiлем –
Гүлге толы
Үстi кiлең.

Жер



Дұрыстап аңғарсаң,
Көктегi бағдаршам.

Үркер



Күзде шығыстан,
Қыста төбеден,
Көктемде батыстан көрiнетiн,
Шiлдеде күн қасында боп,
Түнде жоғалатын не?

Үркер



Күндi айналып қозғалады,
Артында жарық жол қалады.

Құйрықты жұлдыз



Мөлдiр көкте бiр ғана,
Шоқтай жайнап тұр дара.

Шолпан



Айсыз түнде қараңғы,
Түнекте де боранды.
Бiр орнынан жылжымай,
Бағыт берер бұлжымай,
Қандай жұлдыз шырағы,
Жол көрсетiп тұрады.

Темiрқазық



Көк жүзiнде ай батқан,
Жолақ жатыр,
Аумаған
Төгiп алған қаймақтан.

Құсжолы



Күндiз бiлiнбейдi,
Түнде күлiмдейдi.

Жұлдыз



Жылт-жылт етiп төбемде,
Түсе алмай тұр төменге.

Жұлдыз



Сарайдың сансыз шырағы,
Нұр шашып, самсап тұрады.

Жұлдыз



Көк төрiнде жоғары,
Iлулi тұр атамның
Сапталмаған орағы.

Ай



Бейнесi суда дiрiлдейдi,
Қармаққа бiрақ iлiнбейдi.

Ай



Орақ болып туады,
Табақ болып тынады.

Ай



Алып мұхит – ақ алау,
Шетi шексiз жағалау.

Көкжиек



Тұрғанымен жырақ өзi,
Таусылмайтын шырақ көзi.

Күн



Екi доп ауысты,
Бiр шеңбердi тауысты.

Күн, ай, тәулік



Ғаламның шырағы не?
Адамның шырағы не?

Күн мен білім



Күн мен түннiң кеңдiгiн,
Жер шарының ендiгiн,
Қаә бөлiп тұр тепе-тең,
Жұмыр жердiң белдiгi.

Экватор



Алауға оранып,
Көкке өрлеп шығады.
Бiр айналып оралып,
Көкжиекке бұғады.

Күн